ТҮРКІСТАН: ЖАСТАР САЯСАТЫН ЖҮРГІЗУ БАСТЫ НАЗАРДА
Түркістан қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің жастарды жан-жақты қолдау мақсатында іс шара жоспары қала әкімімен бекітілген болатын. Бекітілген жоспар тікелей облыстық «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің жылдық жоспарының кіші форматындағы іс-шаралар жиынтығы бойынша жинақталған. Сондай-ақ «Жастар ресурстық орталығы» қала жастары жайлы мониторинг жұмыстарын жүргізеді.
Түркістан қаласының жастарының саны (14-35 жас аралығы) – 71 486. Оның ішінде ерлері — 36352, әйелдер – 35134
Жас ерекшелігіне қарай;
14-17 жас – 18199
18-21 жас – 15527
22-25 жас -1627
26-27 жас-8905
29-34 жас-19228
Түркістан қаласында жоғарғы оқу орындар саны 2, студенттер саны– 10 887.
Орта арнаулы оқу орындар 8, студенттер саны – 8694.
Түркістан қаласы бойынша жалпы орта мектептерде білім алушы оқушылар саны (7-11 сынып)-20 288.
Жыл басынан бері «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі мен Түркістан облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментінің Түркістан қалалық Пробация қызметі бөлімі тарапымен өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.
Меморандумның мақсаты-пробация қызметінің есебінде тұрған жастарға түрлі бағытта көмек көрсету, қайта даярлау курстарынан өтуіне ықпал ету арқылы қоғамдық жұмысқа орналастыру көзделген.
Бұл меморандум қала жастарын патриоттықа баулып, тарихын танып білуге және ой өрісін нығайтуға кепіл болады.
Түркістан қаласында жалпы білім беретін мектеп оқушылары, жоғары және орта арнаулы оқу орындарына «Құқықтық тәрбие- құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыптарында (құқықбұзушылықтың, нашақорлықтың, суицидтің) алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізетін ақпараттық-насихаттық топтың кездесулер жоспарына сәйкес, нашақорлықты, суицидті алдын алу бойынша 9 айда 105 кездесу өтті, 15000 адам қатысты.
Түркістан қаласында жалпы білім беретін мектеп оқушылары, жоғары және орта арнаулы оқу орындарының студент жастары, тұрғындары, мекемелердің қызметкерлері арасында қоғамдық келісімді сақтау және жастар арасындағы этносаралық кикілжіңдердің алдын алу, ҚР діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңы және басқа да заңдылықтармен нормативтік құқықтық актілер турасында түсініктеме беру тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізетін ақпараттық-насихаттық топтың кездесулер жоспарына сәйкес 35 кездесу өтіп, 4500 адам қатысты.
Сонымен қатар, Қазіргі уақытта жасөспірімдердің арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу өзекті мәселе. «Есірткінің қылмысына қарсы іс қимыл жөніндегі шаралар туралы» нашақорлықтың алдын алу және «Интернет алаяқтық», «Лудомания және буллинг» құқықбұзушылықтың алдын алу мәселелері бойынща жастармен кездесулері тұрақты жүргізілуде.
Осы орайда, Түрістан қаласындағы жалпы білім беретін мектеп оқушылар мен жоғары және орта арнаулы оқу орындарының студент жастары, қала тұрғындары, оқу орындары қызметкерлері арасында қаржы пирамидасы, алаяқтықтың алдын алу бойынша 45 кездесу өтті. Қатысқандар саны- 8000 мыңға жуық. Кездесуде қаржы пирамидаларының белгілері бар ұйымдарды құру және олардың қызметіне әр түрлі алаяқтық схемалары арқылы азаматтарды тарту жағдайларының жиі орын алып жатқандығы жайлы ескерту шаралары айтылды.
Кәмелет жасына толмағандар құқық бұзушылық әрекеті жылына 2 рет қайталаса, жергілікті ішкі істер бөліміне тіркеуге алынып, 18 жасқа дейін есепте тұрады.
Бұдан бөлек, жасөспірімнің алькоголді ішімдік ішкені анықталса, наркологиялық орталыққа 4 айға есепке алынатыны жайлы түсіндіру жұмыстары жүргізіліп отырылады. Құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша 2024 жылдың басынан бері «Түнгі қала», «Жасөспірім» атты 35 рейдтік шарасы өткізілді. Жыл соңына дейін, аталған шара жалғасын табады.
3188