ТҮРКІСТАНДЫҚ СТУДЕНТ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМДА ҮЗДІК АТАНДЫ
Халықаралық форумға отандық ғалымдар, қоғам қайраткері мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен студенттер қатысты. Астана қаласында «Түркі халықтарының үздік студенті» атты халықаралық форум өтті. Таяуда Астана қаласында ҚР Оқу-ағарту министрлігінің ақпараттық қолдауымен «Bilim orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен «Түркі халықтарының үздік студенті» атты халықаралық форум өтті. Мақсаты – дарынды студенттердің арасында байланыс орнату. Халықаралық форумға отандық ғалымдар, қоғам қайраткері мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен студенттер қатысты. Форумның марапаттау бөлімінде Түркістан облысы білім басқармасының «Қапланбек жоғары аграрлық-техникалық колледжі» МКҚК басшының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, Анаргүл Есқараева жетекшілік еткен 2-курс студенті Ақбота Аршабай «Түркі халықтарының үздік студенті» төсбелгісі және І дәрежелі дипломмен марапатталды.
Жалпы Түркістанда Киелі Түркістан өңірінде іскер де өнерлі жастардың үздік жобалары әрдайым қолдауға ие. Шаһарда жастар саясаты бойынша жүйелі жұмысты жандандыруға айрықша көңіл бөлінуде. Мәселен, жас ғалымдар мен өз кәсібін ашып, іскерлік мүмкіндігін іске асырғысы келетіндерге жан-жақты қолдау көрсетіледі.. Бұл бағытта жас кәсіпкерлерді қолдауға арналған «TurkistanHUB” жобасы қолға алынған. Осы жоба аясында “TURKISTAN STARTUP WEEKEND” атты үздік инновациялық идеялар байқауы ұйымдастырылып, креативтік индустрия саласындағы кәсіпкерлерді қолдауға арналған семинар өткізілді. Сонымен қатар, “Профнавигация” жобасы аясында “Дұрыс мамандық таңдау — кемелді болашақ кепілі” атты семинар- тренингтер өткізілді. Мұндай іс-шара мектеп оқушыларының кәсіптік бағыт-бағдар алуына, жастарды еңбек нарығындағы қажеттілік пен сұраныстан хабардар болуына септігін тигізді.
Есие болса, былтыр “Ерікті жастар арасында республикалық «Ауылдағы бір күнім!» атты телевизиялық реалити-шоу сайысы өткізілді.. Онда салт-дәстүрді кеңінен насихатталды. Балаларды интелектуалдық ойынға тарту мақсатында «AL-FARABI» интеллектуалдық жобасының жеңімпаздарына ЖОО грантқа түсуге жолдама берілді. Бұл интелектуалды сайысқа 9-10 сынып оқушылары қатыстырылды.