РУСЛАН БЕРДЕНОВ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ БОЛЫП ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен және Шымкент қаласы әкімінің өкімімен Руслан Арысбекұлы Берденов қала әкімінің орынбасары болып тағайындалды.
Руслан Берденов 1985 жылы 6 наурызда Шымкент қаласында дүниеге келген. Ұлты – қазақ. Жоғары білімі және магистрлік дәрежесі бар. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін және КИМЭП университетін “Іскерлік басқару магистрі, қаржылық менеджмент маманы” мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2007 жылы Procter & Gamble LLP компаниясында бастаған. 2010-2012 жылдары EASTCOMTRANS ЖШС-ның жылжымалы құрамды жалға беру департаментінің директоры, 2012-2018 жылдары “Ақ ниет” ЖШС-ның бас директоры, 2018-2019 жылдары “Ақ ниет” ЖШС-ның бақылау кеңесінің мүшесі, 2019-2023 жылдары Aq Niet Group бақылау кеңесі төрағасының орынбасары қызметтерін атқарды.
2023 жылдың наурыз айынан бастап бүгінге дейін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VIII шақырылым депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі болды.