НЕСИЕ МЕРЗІМІН УАҚЫТША ТОҚТАТУҒА БОЛАДЫ

Енді сырқаттанып қалғандар мен жұмысынан айырылғандар несиесін кейінге шегере алады. Бұл туралы Jibek Joly телеарнасының жаңалықтарында айтылды.
Бұл тізімге төтенше жағдайға тап болғандар мен отбасында бала саны көбейгендер де кіреді.
Несие мерзімін тоқтату үшін қаржы алған ұйымның өзіне немесе банк қызметкеріне өтініш жіберіп, кредитті мерзімінде төлей алмауының себебін, құжатпен растауы керек.
Айта кететін жайт, банк несиені толық кешірмейді, тек уақытын ұзартып, сомасын көбейтуі мүмкін.