ОРТАЛЫҚ АЗИЯНЫҢ ТАРИХИ ГЕОГРАФИЯСЫ: УАҚЫТ, КЕҢІСТІК, ЖАДЫ» АТТЫ ІІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

2025 жылдың 3 маусымында Алматы қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Еуразия ғылыми-зерттеу институты мен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ҚР Ұлттық Ғылым академиясының қолдауымен «Орталық Азияның тарихи географиясы: уақыт, кеңістік, жады» атты ІІ Халықаралық ғылыми конференциясын өткізді.
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрілігі қаржыландырған «Орталық Азияның тарихи географиясы» атты іргелі ғылыми бағдарламаны іске асыру аясында өткізілген бұл халықаралық ғылыми іс-шараға отандық ғылымдармен қатар, Австрия, Германия, Чехия, Ұлыбритания, Түркия, Әзербайжан, Иран, Пакістан, Ресей, Жапония, Моңғолия, Өзбекстан, Қырғызстан, және Тәжікстан сияқты 15 елдің жетекші университеттері мен ғылыми-зерттеу орталықтарынан 60-тан астам ғалымдар мен жас зерттеушілер қатысып, жалпы 58 баяндама көпшіліктің талқысына ұсынылды.
Конференция «Орталық Азияның картографиясы және картографиялық зерттеулер», «Қазіргі тарихи география және жаңа перспективалар», «Тарихи географияны қалпына келтіру: дереккөз тәсілі», «Тарихи география және тарихи-мәдени мұраны қайта пайымдау», «Орталық Азияның тарихи географиясындағы есте сақтау, сәйкестілік және кеңістік», «Орталық Азияның этникалық және лингвистикалық географиясы, тарихи топонимиясы» және «Сауда жолдары, экономикалық география және аймақтық интеграция» атты 8 секциядан тұратын 4 қатар сессиядан тұрды.
Аталмыш ғылыми конференция отандық және шетелдік ғалымдар мен зерттеушілердің басын қосып, Орталық Азияның тарихи үдерісі пен географиялық кеңістіктегі саяси, әлеуметтік-экономикалық, рухани-мәдени өзгеруі мен дамуын, сондай-ақ, тарихи географияның дәстүрлері мен тың зерттеу бағыттарын талқылау мен өзара ашық ғылыми пікір алмасуға мүмкіндік берді. Осылайша, бұл ғылыми конференция – ғылыми ой-пікірдің, Орталық Азияның тарихы мен тарихи-географиясын жан-жақты әрі тереңдетіп танудың ашық айналып үлгерді.