«АТА ЗАҢ – ТӘУЕЛСІЗДІК ТІРЕГІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына орай «Ата заң – Тәуелсіздік тірегі» ұлттық іс-шаралар жоспарын іске асыру аясында қала прокуратурасының бастамасымен дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараға сот, құқық қорғау органдары, үкіметтік емес ұйымдардың және жастар бірлестіктерінің өкілдері қатысты. Жиынды қала прокурорының орынбасары Марат Ержан ашып, Конституцияның қоғамдағы орны мен адам құқықтарын қорғаудағы маңызына тоқталды. Талқылау барысында заң үстемдігін қамтамасыз ету, қылмыстық процесс шеңберінде азаматтардың құқықтарын қорғау, сондай-ақ ҚР Конституциялық Сотының нормативтік қаулыларын орындау мәселелері көтерілді.
Дөңгелек үстел соңында қатысушылар Конституция талаптарын бұлжытпай орындаудың және азаматтардың құқықтарын қорғаудың маңыздылығын атап өтті.