КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМЫ БІЛІКТІ МАМАНДАРДЫҢ БАСЫН ҚОСТЫ

Шымкент қаласында 25 қазан – Республика күніне орай «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағының қалалық филиалының ұйымдастыруымен салтанатты жиын өтті. Бұл мерекелік іс-шараның басты мақсаты – ел дамуына адал еңбек етіп жүрген сала қызметкерлеріне құрмет көрсету, олардың қоғамдағы мәртебесін арттыру және кәсіподақ қозғалысының қоғамдағы рөлін айқындау болды.

Жиынға қаладағы мемлекеттік мекемелердің басшылары, кәсіподақ комитеттерінің төрағалары мен төрайымдары, сондай-ақ түрлі салаларда абыройлы қызмет атқарып жүрген еңбек озаттары қатысты. Іс-шара барысында Шымкент қаласы әкімінің, қалалық мәслихаттың, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының және «Қызмет» салалық кәсіподағының арнайы марапаттары табыс етілді. Марапаттарды «Қызмет» салалық кәсіподағының Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Әуесханов салтанатты түрде табыс етті. Қаланың әлеуметтік, мәдени және басқару саласында еңбек етіп жүрген қызметкерлердің еңбегі лайықты бағаланды. Шымкент қаласы әкімінің Алғыс хатымен кадр саласының үздігі, «№2 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының» кадр инспекторы әрі бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Абуова Клара Жақыпбекқызы және «Алтын балапан» бөбекжай-балабақшасының тәрбиешісі, кәсіподақ ұйымының төрайымы Жиенбаева Айнұр Айтбайқызы марапатталды. Шымкент қалалық мәслихатының Алғыс хатымен қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы басшысының орынбасары Абдинуров Малик Куттымбетович пен «Шымкент-Цирк» мекемесінің әкімшілік-шаруашылық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі Смаилова Айгерім Ерболовна марапатқа ие болды. Бұл азаматтар өз саласында жоғары кәсіби шеберліктің үлгісін көрсетіп, еңбек ұжымдарында кәсіподақ қозғалысын жандандыруға ерекше үлес қосып келеді. Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының Алғыс хатымен «№2 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының» әкімшілік-шаруашылық жөніндегі орынбасары Усенбаев Асқар Амантаевич және қайтадан еңбегімен танылған Жиенбаева Айнұр Айтбайқызы марапатталды. Бұл марапат олардың адал еңбегі мен кәсіподақ қызметіне белсенді қатысуының айғағы болды.

«Қызмет» салалық кәсіподағының арнайы марапаттары да табысталды. «Кәсіподақ қайраткері» медалі Смаилова Айгерім Ерболовнаға берілсе, «Әлеуметтік саланың үздігі» медалі Молдабекова Гүлнұр Орынбасаровнаға табыс етілді. Ал «Құрмет грамотасына» Алиханов Бекболат Нұрғалиевич пен Шукен Қарлығаш Тұрсыновна ие болды. Сонымен қатар, Байтулешева Камиля Ералыевна, Абдырахманова Сәния Бахтиярқызы және Жұмаділлә Бексұлтан Жұмаханұлы Алғыс хаттармен марапатталды. Еңбектің нағыз майталмандары үшін ең жоғары марапаттардың бірі – «Қызмет» салалық кәсіподағының Шымкент қалалық филиалының «Еңбек озаты» төсбелгісі табыс етілді. Бұл төсбелгіге ие болғандардың қатарында: Мінуар Қуаныш Нұрланұлы, Полатов Рустам Октамович, Шабиддинов Мирзахан Шерханович, Абдинуров Малик Куттымбетович, Әлшері Бақдәулет Табысұлы, Асқаров Жандос Ниязбекұлы, Абуова Клара Жақыпбекқызы, Керимбекова Гүлжан Құралбайқызы, Балабекова Асель Маратовна, Смаилова Айгерім Ерболовна, Маниева Гаухар Мұхтаровна, Жиенбаева Айнұр Айтбайқызы, Джамашева Меруерт Савутбековна, Алдиярова Айгерім Хамитбековна және Абдырахманова Сәния Бахтиярқызы бар. Бұл марапат иегерлері – өз ісіне жан-тәнімен берілген, қоғамның рухани және кәсіби тірегіне айналған азаматтар. Олар өз еңбегі арқылы ел дамуына үлес қосып, жас ұрпаққа үлгі болып отыр. Салтанатты жиында марапат иелеріне жылы лебіздер айтылып, олардың адал қызметі мен адамгершілік қасиеттері ерекше атап өтілді.