«ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИА ЖӘНЕ ОНЫҢ ЫҚПАЛЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТРЕНИНГ ӨТТІ

2025 жылғы 12 қарашада Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Хамза атындағы №108 жалпы орта білім беретін мектебінде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Досбол LIKE» жобасы бойынша 11-сынып оқушыларына арналған психологиялық тренинг өтті. Бұл шара Шымкент қаласы білім басқармасының «Психологиялық қолдау орталығы» хатына сәйкес, «Білім беру ұйымдарында діни экстремизмнің алдын-алу» тақырыбында ұйымдастырылды.
Тренингті Дилшад Нуралиев және мектеп педагог-психологтары Камила Каримбаевна Халметова мен Наргиза Нарметова жүргізді. Іс-шараның негізгі мақсаты — оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, буллинг пен кибербуллингтің алдын алу, ерте жүктіліктің, құқық бұзушылықтардың және басқа да қауіп-қатерлердің алдын алу болды. Тренинг барысында оқушылар әлеуметтік медианың психологиялық және әлеуметтік әсері, қауіпті контенттің зияндылығы, сондай-ақ интернет арқылы кибербуллингке тап болмау жолдары туралы ақпарат алды. Қатысушыларға өз қауіпсіздігін сақтау, онлайн ортада дұрыс қарым-қатынас орнату, өзара сыйластық пен қолдау көрсету дағдыларын дамыту бағытында практикалық кеңестер берілді. Іс-шара интерактивті түрде өткізіліп, қатысушылар топтық тапсырмалар мен рөлдік ойындар арқылы өзара түсіністік, қолдау көрсету және қиын жағдайларда дұрыс шешім қабылдау дағдыларын бекітті. Бұл тәсіл оқушылардың психологиялық тұрақтылығын арттыруға, жауапкершілік сезімін қалыптастыруға және мектептегі қауіпсіз әрі қолайлы ортаны нығайтуға мүмкіндік берді. «Әлеуметтік медиа және оның ықпалы» тақырыбындағы психологиялық тренинг «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының негізгі бағыттарына сәйкес келіп, оқушылардың адамгершілік, құқықтық және әлеуметтік сауаттылығын дамытуға бағытталған. Бұл іс-шара қатысушылардың саналы, қауіпсіз және жауапты азамат болып қалыптасуына ықпал етіп, қоғамда сенімді, құрметке негізделген қарым-қатынас орнатуға үлес қосты.
Айта кету керек, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы меншік түріне қарамастан, барлық білім беру ұйымдарына енгізілді. «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы тек қана білім беру ұйымдарындағы ғана емес, барлық мемлекеттік ұйымдардағы тәрбие жұмысына қатысты іс-қимылдың негізіне айналды.



