ШЫМКЕНТТЕ ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ГАЛА-КОНЦЕРТ ӨТТІ

Шымкент қаласында 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай салтанатты гала-концерт ұйымдастырылды. Мерекелік кеш барысында жергілікті өнерпаздар патриоттық әндер мен отансүйгіштік рухтағы шығармаларды орындап, көрермендерге ерекше әсер сыйлады.
Іс-шараға қала тұрғындары мен қонақтары қатысып, мерекелік бағдарламаны тамашалады. Концерт барысында ел тыныштығы мен қауіпсіздігін күзетіп жүрген азаматтарға құрмет көрсетіліп, Отан қорғаушылар күніне арналған жылы лебіздер айтылды.
Мерекелік кеш көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлап, патриоттық рухты насихаттаған тағылымды іс-шараға айналды.