Біздің таралым – 10500 дана!

228
1

Еткен еңбек еш кетпепті. Қайтсек оқырман талғамынан шығамыз, қайткенде таралым санын арттырамыз,- деген межелі мақсатымыз жүзеге асып, 2013 жылдың екінші жарты жылдығындағы оқырмандарымыз 10500 болыпты. Бұл – 2 жылдық тарихы бар «Уақыт» үшін зор жетістік, үлкен қолдау деп білеміз.
Қашанда ертеңімізге үміт артып, келешегімізден келелі істер күтетін әдетіміз ғой. «Барымен-базар» деп тоқтамейілситін біз емес, барымызды оқырманмен бөлісу мақсатымыз. Бергенімізден, бермегіміз көп, талғамнан шығу басты парызымыз. Бізді халық қолдаса, біз халықтың мүддесін қорғауға дайынбыз. Әділдік үшін алысып, шындық үшін шырылдаймыз.
Қолдау көрсеткен барша оқырмандарға деген шексіз алғысымызды айтып, «Уақыт» әр отбасының  жансерігіне, сырласатын сенімді серігіне, қуанышын  бірге бөлісетін көз қуанышына айналсын дейміз. Баршаңызға бақ-береке, ырыс-ынтымақ тілейміз. Уақыттың көшінен кеш қалмай, «Уақытпен» бірге болыңыздар!

Редакция