2 мыңдай ереже бұзу тіркелді

384
0


ОҚО ІІД ЖПҚ-нің бастамасы бойынша 2016 жылдың 16 мен 17 шілде аралығында авариялардың алдын алу және аварияларды азайту мақсатында «Қала сыртындағы жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.
Жергілікті полиция қызметкерлерінің 2 күндік жүргізген рейдтік іс-шарасы бойынша Қазақстан Республикасының жол жүру ережесін бұзған 2 мыңға жуық жағдай анықталды. Оның ішінде, ұялы телефон пайдалану бойынша 400-ге жуық, қауіпсіздік белдігін қолданбау жағдайы бойынша 600 шамасында, жылдамдықты арттыру фактісімен 59 жағдай тіркелген. Сонымен қатар, шара барысында көлік құралын мас күйінде жүргізген 28 жүргізуші ұсталып, 72 жаяу жүргіншіге ЖҚЕ-ін бұзғаны үшін айыппұл салынды. Ал қарсы беттегі жолға шығып кеткені үшін 6 жүргізушінің үстінен хаттама түзілді.
Естеріңізге салайық, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес, көлік құралын мас күйінде жүргізген жүргізушілерге көлік құралын басқару құқығынан 3 жылға айыру шарасы көзделсе, қарсы жолға шығып кеткені үшін 1 жылға дейін көлік жүргізу құқығынан айыру шарасы қарастырылған. Сондай-ақ, жылдамдықты арттыруға байланысты ережені бұзғаны үшін 10-15 АЕК аралығында (21 210 теңгеден 31 815 теңгеге дейін) дейiнгi мөлшерде айыппұл салу қарастырылған.
ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.