“ТҮЙІНСІЗ ТЕРГЕУ, АРАНДАТУ, ЖҮЙЕСІЗ ҮКІМ“
«Уақыт» газетінің Бас редакторы
Т. Балтабаевқа
Сіздің «Уақыт» газетінде жариялаған С.Қалмажановқа қатысты іс бойынша заң бұзушылықтардың орын алғандығы жөніндегі мақалаңызға берілген Бас прокуратураның жауабымен келіспейтіндігіңіз жөніндегі шағымыңыз өндіріске қабылданды.
Газетте көрсетілген Бас прокуратураның жауабымен келіспейтіндігіңіз туралы уәждеріңізді тексеру үшін С.Қалмажановқа қатысты қылмыстық іс Оңтүстік Қазақстан облыстық сотынан сұратылып, зерделенуде.
Жоғарыда көрсетілгендердің негізінде, 2007 жылдың 12 қаңтарындағы ҚР «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңның 8 бабы 2 тармағы негізінде, шағымды қарау мерзімі ұзартылды.
Шағымды қарау нәтижесі туралы қосымша хабарланатын болады.
Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
Департамент бастығының міндетін атқарушы Б.Дембаев.