«Нөлдік төзімділік» жүзеге асуы керек
Қазақстан Республикасы Президенті Н. Назарбаев 2013 жылғы 30 қаңтарда құқық қорғау органдары басшыларымен өткен жиында тәртіпсіздікке «нөлдік төзімділік» қағидатын жүзеге асыру керектігі және елеусіз құқық бұзушылықтарды анықтау бойынша жұмысты жандандыру жөнінде атап өткен болатын.
Ішкі істер министрлігі азаматтардың құқықтық сана-сезімін қалыптастыруға және қоғамдық тәртіпті нығайтуға тікелей әсер ететін Әкімшілік кодекстің бірқатар баптарын белгілеген.
Шымкент қаласы тұрғындарының назар аудару мақсатында аталған баптарының ішінен бірнешесін атап өткізгіміз келеді.
(Белгіленбеген орындарда сауда жасау) туралы 165-бап. Әкімшілік құқық бұзушылықты қарау сот құзырында, ал қолданылу жазасы болса «ескерту жасауға немесе айлық есептік көрсеткіштің беске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғатыны» айтылған.
Ал, 387-бапта қалалар мен елдімекендердің аумақтарын көріктендіру ережелерін бұзу, сондай-ақ қалалар мен елдімекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру туралы айтылған.
Әкімшілік құқық бұзушылықты қарау және шешім қабылдау ІІО-ның құзырында, аталған құқық бұзушылық үшін қолданылатын жаза «ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға — айлық есептік көрсеткіштің жиырмаға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, жеке кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға — жиырмадан қырыққа дейінгі мөшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елуден жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады» деп көрсетілген.
330-бап, Ұсақ бұзақылық, яғни қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, жеке тұлғаларды қорлап, тиісу, тұрғын жайларды қорлау, ортақ пайдалану орындарын, саябақтарды, скверлерді ластау, оның ішінде белгіленбеген орындарда коммуналдық қалдықтарды шығару және қоғамдық тәртіп пен жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын, төңірегіндегілерді сыйламаушылықты білдіретін басқа да іс-әрекеттер, қазіргі таңда азаматтар көше бойында темекі шегіп, тұқылын жәшікке тастамай, көше бойына қоқыс ретінде тастаулары орын алуда.
Құқық бұзушылықты қарау сот құзырында, жауапкершілігі «айлық есептік» көрсеткіштің үштен онға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға не он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алуға әкеп соғады».
Сондықтан қала тұрғындары жоғары сана-сезіммен құқық бұзушылыққа жол бермесе, Елбасымыз айтқан жетістіктерге бірге қол жеткізетін боламыз.
Қ. ОРЫНБАЕВ,
Шымкент ҚІІБ ӘПБ ПҚБ аға инспекторы, полиция капитаны.