АТА ЗАҢ ЕЛДІГІМІЗДІҢ ТІРЕГІ

217
0

Орталық кітапхананың оқу залында 30 тамыз Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай «Ата Заң – елдігіміздің асыл тірегі» атты әдеби тағылымдық кеш болып өтті. Конституция еліміздің басты құндылықтары ретінде қоғамдық – саяси бірлікті, келісім мен тұрақтылықты қалыптастырады. Салтанатты кешке орталық кітапхананың жанынан ашылған «Қайнар бұлақ» әдеби отауының төрағасы Зейнулла Еркебалаев қатысып оқырмандарға «Бүгін еліміз күшін айтулы күндердің бірі, бүкілхалықтық мереке – Конституция күні. Тәуелсіз Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекетіміздің бүгінгі құрылымын шынайы бейнелеген, ұлттық мақсатты айқындап берген темірқазық.
Конституция — ел тәуелсіздігінің, мемлекеттігінің негізгі тірегі — дей келе ешкімнің ала жібін аттамай, өз құқығымызды да, өзгенің құқығын да бұзбай тәуелсіз елдің арқа сүйер айбынды, ұрпақтарымыз ақылды ұл – қызы болып өсе берейік деп сөзін түйіндеді. Әдеби кеш өз салтанатымен сазды әуенге ұласып, «Қайнар бұлақ» әдеби отауының мүшелері Әйгерім Қалиева, Сүйіндік Тасболатов өз шығармашылықтарын тарту етті. Кең қөлемде кітап көрмесі ұйымдастырылды.
86