ТҰТҚЫНДА БОЛҒАНДАРДЫ ЕЛГЕ ҚАЙТАРУ ТОҚТАМАЙДЫ

147
0

Сыртқы істер министрлігі мен өзге де органдар Сириядағы Қазақстан азаматтарын эвакуациялау операциясын жалғастыра береді.
Бұл туралы кеше министрліктің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді.

Естеріңізге сала кетсек 9-қаңтарда мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей тапсырмасымен Қазақстанның 47 азаматы Сириядан елге оралған болатын. Солардың 30-ы балалар болған. Осыған орай Елбасы мәлімдеме жасаған-тын. Өз мәлімдемесінде Президент «Қазақстан өз азаматтарына қай жерде жүргеніне қарамастан әрдайым қолдау көрсетеді. Біздің негізгі міндетіміз – еліміздің қауіпсіздігін, халқымыздың береке-бірлігі мен тұтастығын қамтамасыз ету. Қақтығыс аймағында еріксіз жүрген балаларды қайтару жөніндегі жұмыстарды жалғастыра беретін боламыз» деген.
uakit.kz