ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!

206
0

2019 жылдың 15-ақпанында Түркістан қаласындағы Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің Мәдениет сарайында сағат 11.00-де Түркістан облысының әкімі Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев 2018 жылы атқарылған жұмыстар бойынша халық алдында есеп береді.

Бұл жылғы аймақ әкімінің жылдық есебі жиыны алғаш рет облыс орталығы болған Түркістан қаласында өтетіндігімен ерекшеленетіні белгілі. Тұрғындар бұл шара арқылы өзін толғандырған сұрақтарын облыс әкіміне тікелей жолдай алады. Ол үшін көкейлеріңіздегі сұрақтар мен ұсыныс-пікірлеріңізді аудан, қала және ауылдық округ әкімдіктерінде орнатылған жәшіктерге салуға немесе 8702 198 53 23 нөміріне «WhatsApp» арқылы жолдауға болады.
Сондай-ақ, сауалдарыңызды облыс әкімдігіндегі 872533-5-96-54, 5-96-50 телефон нөмірлеріне қоңырау шалып, t.akimat@ontustik.gov.kz электронды поштасына жазып жіберуге болатындығын хабарлаймыз.
uakit.kz