ТҮЛКІБАСТА ТҮЙМЕБАЕВТЫҢ ТАПСЫРМАСЫНАН СОҢ ЖАҢҒАҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ДАМИ ТҮСКЕН

168
0

Түлкібас ауданында соңғы екі жыл көлемінде жаңғақ шаруашылығы қарқынды дамып келеді. Былтыр ауданда облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес 257,5 гектарға жаңғақ көшеті отырғызылған. Аудандағы жаңғақ ағаштарынан өткен жылы 627,6 тонна өнім жиналған. Бұл туралы uakit.kz Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Жаңғақ өнімін жинауды жергілікті тұрғындар жеке кәсібі ретінде іске асырып жатыр. Олар аудандық орталық базар жанынан қабылдау бекеттерін ашып, өнімнің піскен кезіндегі сапасына қарай келісін 400-500 теңгеден сатып алып, қайта өндеуден өткізу арқылы (қабығынан ажыратып пайдалануға дайын күйінде) облысымыздың ірі сауда орталықтарына, кондитерлік цехтар мен басқа өңірлерге келісін 1200-1500 теңгеден босатуда.
Негізінде аудан аумағында жаңғақ ағаштарын өсіріп, одан өнім алу осыған дейін үй іргелік жерлерге отырғызудың нәтижесінде мүмкін болған.
Жаңғақ ағашы облысымыздың барлық өңірлерінде өсе бермейді. Күнгейде ол Түлкібас, Төлеби, Сайрам және Қазығұрт аудандарының тау бөктерінде және үй іргелік жерлерде өседі.
uakit.kz