2021 ЖЫЛЫ ШЫМКЕНТТЕ ҮШ АУЫСЫМДЫ МЕКТЕП МӘСЕЛЕСІ ТҮБЕГЕЙЛІ ШЕШІЛЕТІН БОЛАДЫ

199
0

Шымкентте 147 мектеп бар болса, соның 19-ы үш ауысымда білім береді. Биыл үш ауысымдағы мектептердің санын 16-ға дейін қысқарту көзделіп отыр. Яғни, ағымдағы жылы осындай жүйеде білім беретін үш мектептің мәселесі шешілетін болады.

Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов 2018 жылы атқарған жұмысы бойынша тұрғындар алдында есеп беру жиынында осылай деді. Бұл туралы uakit.kz тілшісі хабарлайды.  Сонымен қатар қала әкімі қалада үш ауысымды мектеп мәселесі 2021 жылы түбегейлі шешілетінін баса айтты.

Қазіргі таңда Шымкенттегі білім ұяларында 197 мың оқушы білім алады. Жыл сайын бірінші сынып табалдырығын аттайтын оқушылардың саны артып отыр. Мәселен 2017 жылы бірінші сыныпқа барған оқушылардың саны 21 мың болса, 2018 жылы 24 мың болған.

uakit.kz