ҚАЗАҚСТАН ҚЫТАЙҒА МЕДИЦИНАЛЫҚ БҰЙЫМДАР ЖЕТКІЗДІ

185
0

Қазақстан Қытай Халық Республикасына  13,6 тонна көлемінде медициналық бұйымдар түріндегі көмек жеткізді, деп хабарлайды uakit.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Гуманитарлық көмек мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы негізінде іске асырылған.

Естеріңізге сала кетсек, 1-ақпанда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинге коронавирустың таралуына байланысты хат жолдаған болатын. Онда мемекет басшысы Қазақстан үкіметінің Қытайға қажет болған жағдайда жан-жақты гуманитарлық көмек көрсетуге әзір екені туралы шешімін жеткізген-тін.

uakit.kz