ШЫМКЕНТ: 15000 ТЕҢГЕ ӨТЕМАҚЫ БОЙЫНША 7 255 АЗАМАТТЫҢ ӨТІНІМІ МАҚҰЛДАНҒАН

272
0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, карантинге жабылған өңірлерде тұратын азаматтардың жекелеген санаттарына коммуналдық қызметтер үшін 15 мың теңгеден берілетіні бұған дейін хабарланған болатын.

Осыған орай, бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен онлайн-брифингте Шымкент қалалық тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының басшысы Ғалымжан Төлепов тұрғындарға берілетін өтемақыға қатысты жан-жақты ақпарат берді.

— Аталған көмекті алу үшін азаматтардан өтінімдерді қабылдау мақсатында «communal-komek.kz» сайты іске қосылған болатын. Онда әрбір азамат өзінің ЖСН, әлеуметтік мәртебесін және жеке шоттарын енгізе отырып, өтінім бере алады. Жалпы 21- сәуірден бастап 22 390 өтінім келіп түсті. Оның ішінде 14 773 азаматтың дербес шоттарының сәйкестігі деректер арқылы тексеріліп, нәтижесі бойынша 7518 азаматтың дербес шоттары анықталмаған. Ал 7 255 азаматтың өтінімі мақұлданған, — деді басқарма басшысы.

Еске сала кетсек, бұған дейін коммуналдық шығындар үшін берілетін өтемақы бойынша азаматтарға кеңес беру мақсатында Шымкентте Call-орталық ашылғанын http://uakit.kz/?p=9014&fbclid=IwAR2PrM523gsPzXPfAdoFt2Je7DAtXJctASQiO6KkN8LcC7BG-XHpUDxqhC8 хабарлаған болатынбыз. Орталық таңғы 09:00 мен 18:00-ге дейін үзіліссіз жұмыс істейді. 15 000 теңге көлеміндегі коммуналдық төлемге қатысты сауалдар болса, 8(7252) 39-23-68 нөміріне хабарласуларыңызға болады. Оған қоса, қалада еріктілер арқылы «Ізгілік» Call-орталығы жұмысын жалғастыруда.

Байланыс нөмірлері:
Абай ауданы: 8-778-171-00-28, 8778-471-10-45
Еңбекші ауданы: 8-778-171-00-37, 8-778-171-00-47, 8-778-471-10-29
Әл-Фараби ауданы: 8-778-171-00-56, 8-778-171-00-51, 8-778-471-10-57
Қаратау ауданы: 8-778-171-00-76, 8-778-171-00-26, 8-778-471-10-49.