ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

130
0

Шымкент қаласының әкімі Әл-Фараби ауданының тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесуге Наурыз, Ақжайық, Самал-2, Спорт, Отырар, Айқап-Түркістан, шағын ауданы мен «Су Ресурстары Маркетингі» аумағы, Қонаев даңғылы, Байтұрсынов, Қазыбек би, Дулати, Диваев көшелерінің 400-ге жуық тұрғыны келді.

Есепті кездесуге мәслихат хатшылары мен жауапты сала басшылары да қатысты.
Мегаполис әкімі М.Әйтенов атқарылған жұмыстар бойынша есеп беріп, ауданның даму бағытын баяндады. Жыл басынан бері М.Әйтенов ауданды аралау барысында 22 мәселе анықталған. Бүгінде оның 9-ы шешіліп, 13 мәселе орындалу барысында.

Аталған аумақ, яғни аудандағы 1-2 сектор 5 мың гектар аумақта орналасқан. Онда 70 мың халық тұрады. 4 аурухана, 7 мектеп, 22 бала-бақша, 65 аула, 16 спорт алаңшасы бар. Электр, ауыз су, табиғи газбен, интернетпен толық қамтылған. Мұндағы тұрғындарды кәріз жүйесі, көшелерінің қиылысын кеңейту, ретсіз құрылыс секілді мәселелер толғандырады. Кездесуге келгендер осы бағытта сұрақтарын қойды.
Шаһар басшысы әрбір сұраққа жеке жауап беріп, ұсыныстарын тыңдады. Мұндай есепті кездесу әр тоқсан сайын өтетінін және барлық мәселе ескерусіз қалмайтынын жеткізді.