«ИНКАЙ» КОМПАНИЯСЫНЫҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫ ТОЙЛАНДЫ

Түркістан облысының экономикалық күретамыры – Созақ өңірінде дүбірлі той. Еліміздің тау-кен саласындағы алпауыт кәсіпорындардың бірі «Инкай» бірлескен кәсіпорны 30 жылдық мерейтойын атап өтті. Салтанатты шараға өңір басшысы Нұралхан Көшеров арнайы барып, ұжымның жетістіктерімен танысты. Отыз жылдық тарих, тұрақты даму және әлеуметтік жауапкершілік. Созақ даласындағы «Инкай» компаниясы бүгінде жай ғана уран өндіруші емес, аймақтың әлеуметтік тірегіне айналған.
Өңір басшысы Нұралхан Көшеров алдымен компанияның тыныс-тіршілігін барлады. Мұнда жұмысшылар үшін барлық жағдай жасалған: заманауи спорт кешені, жаттығу залдары мен жайлы жатақханалар. Әкім нысандарды аралап, өндірістік әлеует пен әлеуметтік инфрақұрылымның сабақтастығына оң баға берді.
Мерекелік кеш концерттік бағдарламаға ұласты. Танымал өнер ұжымдары әннен шашу шашып, белсенді қатысушыларға бағалы сыйлықтар табысталды. Бүгінде «Инкай» – тек өндірістік рекордтардың мекені емес, мыңдаған жанды жұмыспен қамтып, экология мен абаттандыруға басымдық берген стратегиялық серіктес.Отыз жылды артқа тастаған кәсіпорын жаңа белестерді бағындыруға дайын.