ГАЗ ЖАБДЫҒЫН ДҰРЫС ҚОЛДАНБАУ ЖАПА ШЕКТІРЕДІ

110
0

Түркістан қаласы «Газ инспекциясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2021 жылдың тамыз айынан 2022 жылдың қыркүйек  айлары аралығында атқарған жұмысының есебін мәлімдеді.

Көрсетілген мерзімде инспекция қызметкерлері  23000 жеке тұрғын үйлерде газ қондырғыларын пайдалану бойынша тексеру-зерттеу жүргізген. Нәтижесінде газ жабдығын дұрыс қолданып отырған жеке тұрғын үйлер саны 1984 болса,  қалған 21116 жеке тұрғын үй заң талаптарына сәйкес қолданбай отырғаны анықталған. Cоған сәйкес тиісті ескертулер берілген.

Өз кезегінде Түркістан қаласы «Газ инспекциясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ескертулер үйдің техникалық құжаттары, дербес шот, үй жоспарының жобасы, ішкі газ жүйелеріне қызмет көрсетуге мамандандырылған мекемелермен (ВДГО, ВДС) келісім шарт, желдету арнасы, тұрғын бөлмеде улы газды анықтайтын дабылқаққыштардың болмауы және мұржаны орнатуда кемшіліктер анықталған жағдайда  берілетінін алға тартады.

Көрсетілген мерзім ішінде бірқатар техникалық талаптарға сәйкес келмейтін «ирандық пешті» 18 жеке тұрғын үйдің қолданып отырғаны  анықталып, газ жүйесінен ажыратылған. Кәсіпкерлік нысандардың ішінен  4 ирандық қазандық анықталып, ескертулер берілген. Әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға әкімшілік тарапынан улы газды анықтайтын 144 дабылқаққыш орнатылды.

Қазіргі таңда жеке тұрғын үйлерді аралау, бақылау жұмыстары жүргізілуде.

Айта кетейік, Түркістан қаласында 40 мыңнан астам абонентке газ орнатылған. Оның ішінде 75 пайызы газ қолданса, қалғаны әлі күнге дейін қатты отын жағады.