ШЫМКЕНТТЕ МЕМЛЕКЕТТІК СПОРТТЫҚ ТАПСЫРЫС БОЙЫНША 14 МЫҢНАН АСТАМ БАЛА ЖАТТЫҒУДА

170
0

Шымкентте жан басына шаққанда қаржыландыру жобасының мемлекеттік спорттық тапсырысы бойынша 14 мыңнан астам бала жаттығу өткізуде, деп хабарлайды uakit.kz.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасы бойынша мемлекеттік шығармашылық пен спорттық тапсырысты жүзеге асыру 2021 жылғы 1 мамырдан бастап іске қосылды.

Аталған бағдарлама Шымкент қаласында 2021 жылдың II-жарты жылдығынан бастап жан басына шаққандағы қаржыландыру бағдарламасы іске асырылуда. 2021 жылы 439 млн. теңге қаржы бағытталып, 54 кәсіпкер 12474 баланы спортпен тұрақты шұғылдандырды.

Ал, 2022 жылы жан басына шаққанда қаржыландыру жобасының мемлекеттік спорттық тапсырысты іске асыруға жергілікті бюджеттен 2 323,0 млн. теңге қаржы бағытталып, бүгінде спорттық секцияға 14 мыңнан астам баланы немесе 4-пен 18 жас аралығындағы балалардың жалпы санының 16%-ын қамту жоспарланған болатын.

Бүгінгі күні, мемлекеттік спорттық тапсырысты жан басына нормативтік қаржыландыру платформасына 130 кәсіпкерден өтінім түсіп, оның ішінде 96 кәсіпкер біліктілік іріктеуден өтіп, оң шешімін алды.

Қәзіргі таңға дейін, мемлекеттік спорттық тапсырыс бойынша 186 спорттық секция жұмыс істеуде. Бүгінде жасөспірімдер мына спорт түрлерімен тұрақыты айналысуда баскетбол, бокс, еркін күрес, грек-рим, дзюдо, каратэ, таеквондо, жүзу, үстел теннисі, футбол, шахмат, көркем гимнастика, волейбол, пауэрлифтинг, қазақ күресі, футзал, теннис. Аталмыш секцияларға жалпы саны 14 230 баланың ата-аналарымен келісім-шарт жасалып отыр.

Жан басына шаққанда қаржыландыру жобасының мемлекеттік спорттық тапсырысы аясында 264 жаттықтырушы тұрақты жұмыс атқаруда, одан бөлек 150-ге жуық басқада қызметкерлер жұмыспен қамтамасыз етілген. Қазіргі таңда жұмыспен қамтылып отырғандарың саны 414 адамға жетті.