ӨРТТЕРДІҢ НЕГІЗГІ БӨЛІГІ ТҮНГІ УАҚЫТТА СӨНДІРІЛЕДІ

66
0

Түркістан қаласы бойынша Төтенше жағдайлар басқармасы осылай деп мәлімдейді.

Айта кетейік, ағымдағы жылдың 9 айында Түркістан қаласы бойынша 49 өрт оқиғасы  тіркелген.

Өрт  тілсіз жау. Сондықтан да оны алдын алу шараларына баса мән беріледі. Былтыр республика бойынша 12256 өрт оқиғасы тіркелген. Салдарынан 413 адам қайтыс болған. Жарақат алғандар саны 429 адамға жеткен.  Жалыннан келген материалдық шығын 9 млрд 336 млн 665 мың теңгені құраған. Еліміздің Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігі өрттің шығуына басты себеп адамдарың отқа абайсыз қарауы екенін мәлімдейді.