ЕЛДІ МЕКЕН КОМАНДАЛАРЫ АРАСЫНДА ҮЗДІКТЕР АНЫҚТАЛДЫ

95
0
Шымкентке қарасыты шалғайда орналасқан елді мекендердегі тұрғындар арасында бірнеше спорт түрінін өткен сайыс өз мәресіне жетті, жеп хабарлайды Uakit.kz.
Шымкент қаласында «Құқықтық сауаттылық, өмірлік маңызды дағдылар және спорттық сайыстар» жобасы аясында жастар арасындағы спорттық турнирдің жабылу салтанатыyының іс-шарасы ұйымдастырылды.
Қалаға жаңадан қосылған және шалғай елді мекендердегі тұрғындар арасында спорттың волейбол, үстел теннисі, кіші футбол, шахмат түрінен үздіктер анықталды. Қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы ұйымдастырған іс-шараға жалпы 16 команда қатысты.
Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы Мұратжан Шотанов жеңімпаздарды марапаттау жиынында жастарды үнемі спортпен шұғылданып, салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.
Іс-шараның мақсаты – шалғай елді мекендерде жастарды дене шынықтыру және спортқа тарту арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыру. Сайыс нәтижесінде волейболдан Асар, кіші футболдан Қайнарбұлақ, шахматтан Асар, теннистен Тоғыс командалары жеңімпаз атанды.
Айта кету керек, жалпы қалада дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданатын азаматтар саны 402 544 адамды немесе қала тұрғындарының жалпы санының 36,2 пайызын құрайды. Қазіргі уақытта қала бойынша спорттық нысандар саны 933-ке жетті.
Қала тұрғындарының арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында бірқатар іс-шаралар қолға алынған. Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялауына байланысты, қаламыздағы мектеп оқушыларының бос уақытын тиімді пайдалану және салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында Шымкент қаласының төрт ауданында орналасқан спорт алаңшаларында әр аптаның жексенбі күндері аудан әкімдіктерімен бірлесіп «Аула чемпионаттары» ұйымдастырылды.

Аталған спорттық іс-шараға 5-17 жас аралығындағы балалар спорттың 6 түрінен сынға түсті. Осы өткізілген спорттық іс-шараларға 3600 ден астам балалар қатысып, 120 ға жуық спорт саласының мамандары жұмылдырылды. «Аула чемпионатында» жеңімпаз болған балаларға диплом, медаль және кубоктар табысталып, қатысқан барлық балаларға арнайы сыйлықтар берілді.

Шымкент қаласының спорттық жетістіктеріне тоқталып өтсек, жалпы 2022 жылдың 9 айында жеткен нәтижелер туралы айтар болсақ, Қазақстан Республикасының чемпионаттарына қатысып, 491 алтын иеленсе, 454 күміске қол жеткіздік, ал 470 қола медальді жеңіп алған.