ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫ: ШАЛҒАЙДА ОРНАЛАСҚАНДАРҒА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛГЕН

Шымкенттегі Қайнарбұлақ тұрғын алабында инфрақұрылым мәселесі кезең-кезеңмен өз шешімін тауып келеді, деп хабарлайды Uakit.kz.

Шымкент қаласындағы жол жөндеу жұмыстарында басымдық шалғай орналасқан шағын аудандарға берілген. Осы мақсатта Қайнарбұлақ шағын ауданында инженерлік инфрақұрылыммен қамту жұмыстары қарқын алған. Жол құрылысында ірі жобалардан бөлек, көше қиылыстары мен тұйық көшелерге дейін назарға алыған. Қайнарбұлақ тұрғын алабында халқы тығыз орналасқан мекен, бүгінгі таңда онда 60 мыңнан астам тұрғын қоныстаған.

Аталған елді мекеннің көшелерін жақсату мақсатында тұрғын алабы аумағында орналасқан “Казавтоматика” (өндірісітк коопертив) Горького көшесі, “Казавтомонтаж” (өндірістік кооператив) Мерецкого көшесі, “Механизатор” ӨК Малиновая-2 көшесі, “Шымкентмелиорация” ӨК Южводострой көшесі және “Цементник” ӨК Виноградная көшесі орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жол құрылысының жалпы ұзындығы 2,6 шақырымды құрайды. Қазіргі таңда, аталған көшелерге асфальт жабындысының бірінші қабатын төсеу жұмыстарын жүргізу барысында.

Айта кету керек, бұдан біраз уақыт бұрын шаһар басшысы Мұрат Әйтенов аталған тұрғын алапқа барып, атқарылған жұмыстармен танысқан болатын. 60 750-ге жуық тұрғыны бар Қайнарбұлақта қазір 329,8 шақырымды құрайтын ауыз су құбырлары тартылуда. Әзірге 50 шақырымы біткен. Табиғи газбен қамту жұмыстары екі секторға бөліп жүргізілуде. Жаңақұрылыс тұрғын алабында ұзындығы 233,4 шқ болатын газ жүйелері тартылуда. Саяжай алабында газ жүйелерінің ұзындығы — 206,7 шақырым. Екі сектордағы құрылыс жұмыстарды келесі жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған. Сонымен қатар электр жүйесімен қамтудағы жұмыстар 2023 жылдың ІІІ-тоқсанында аяқталмақ. Жалпы электр жүйелерінің ұзындығы 68,6 шқ. құраса, осы кезге дейін жұмыстың 40%-ы орындалды.

2020 жылы Центральная көшесі, 2022 жылы Степная, Бөлешов, №125 мектеп көшелері жарықтандырылдыАл 2023 жылы Дружба, Фабричная, Металлург, Заводская, Құрасбеков, Шанин, Жаңақұрылыс көшелері жарықтандырылатын болады. Нысандарды тексеріп шыққан қала басшысы мердігерлер мен тиісті сала басшыларына жұмыстардың мерзімдік және сапалық міндеттемелерге мұқият болуды тапсырды.

Жалпы автомобиль жолдар саласы нақты 8 бағытта жұмыс атқарады. Олар — жол құрылысы, қайта құру, күрделі жөндеу, орташа жөндеу, жолдарды күтіп ұстау, шағал тас төсеу, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және аялдама орнату.