КАРТИНГ СПОРТЫНАН САЙЫС ӨТТІ

Шымкент қаласында алғаш рет Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен,«Sport Villa» ойын-сауық кешені және «Rafe» ресторан басшысының қолдауымен картинг спорттық жарысы «Jas Team Kart» жобасы аясында өтті. ⁣⁣ 

«Sport Villa» ойын-сауық кешенінде өткен турнирге жоғары оқу орындарынан 35 қатысушы жиналды. Бүгінгі өткен картинг спорттық жарысына 7 команда өзара сайысқа түсті. Ойынның шарты бойынша қатысушылар 3 айналымды еңсеріп, 5 минутта мәреге жету керек. «Бүгінгі картинг спорттық жарысына ОҚМПУ студенттерінің арасынан команда жасақтап келген болатынбыз. Осындай керемет жарысқа бірінші рет қатысып, сайысқа түстік. Ойын барысында жаңа орта тауып, спорт саласына өз үлесімізді қостық деп ойлаймын. Тартысты ойынға қатысуымызға мүмкіндік берген Жастар ресурстық орталығына студенттердің атынан алғыс айтамын», – деді ОҚМПУ студенті Бақберген Мұратұлы.⁣⁣ ⁣

Жарыс жолында тартысты ойын көрсеткен шеберлер орталық басшысы М.Исаховтың арнайы диплом және кубоктарымен, қалған қатысушыларға қатысқаны үшін арнайы алғыс хаттармен марапатталды. Бүгінгі жарыста бірінші болып мәреге жеткен Онтүстік Қазақстан Мемлекеттік педагогикалық университетінің студенттері. Екінші орынды М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті жастары иеленсе, үшінші орынға Ж.Тәшенев атындағы университет университетінің студенттері иеленді.

Айта кету керек, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті бұқаралық спортты дамыту және насихаттау мақсатында 2022 жылдың мамыр айынан бастап «Қолжетімді спорт» жобасы жұмысын Шымкент қаласында іске қосты. Жоба қаладағы 4 саябақта яғни «Орталық», «Жеңіс», «Металлургшілер» және «Абай» саябағында іске асырылуда. Жоба аясында 12 жаттықтырушы қызмет етеді. Бүгінде олар скандинавиялық жүріс, үстел теннисі, каратэ және фитнес спортымен қала тұрғындарына жаттығу жұмыстарын жүргізуде. «Қолжетімді спорт» жобасы аясында қала аумағында бірқатар спорттық іс-шаралар өткізіліп келеді. Солардың бірі — «Tartyl fest» спорт фестивалі. Фестиваль Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Дара» дарындыларды қолдау қоры» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткізілді. Республикалық «Tartyl Fest» турникте тартылу бойынша бесінші республикалық спорт фестивалі өткізілді. «Tartyl Fest» спорт фестивалге 2085 қатысушы онлайн тіркеліп, 624 адам жарысқа қатысты. Онда шымкенттік Азамат Сапар турникте 41 рет тартылып, рекордты жаңартты. Сонымен қатар, сайысқа зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі жандар және қыздар да қатысты.