ҚҰЛАҚТАНДЫРУҒА ҚҰЛАҚ ТҮРУ САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ҚАДАМЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халықты құлақтандыру жүйесі арқылы уақытылы хабардар ету қажеттігіне назар аудара отырып, Төтенше жағдайлар министрлігіне қойылған міндеттерді орындауды жалғастыруды тапсырамын» деген болатын.

Осы бағытта Түркістан қаласында табиғи және техногенді төтенше жағдайлар кезінде халықты уақытылы хабардар ету мақсатында, қала аумағында
31 құлақтандыру жүйесі «Марс Арсенал» орналасқан.

Өз кезегінде құтқару қызметінің құлақтандырулары мен хабарландырулары арқылы су тасқыны жөнінде білген жағдайда не істеу керек?

Бұл сұраққа төтеншелікердің берген жауабын назарларыңызға ұсынамыз.

Жақындап келе жатқан су тасқыны туралы халықты құлақтандырған жағдайда, сондай-ақ оның алғашқы белгілері кезінде:

– суды, газды және электр қуатын өшіріп, жанып жатқан жылыту пештерін сөндіріңіз;

– құнды заттар мен керек жабдықтарды ғимараттың жоғарғы қабатына (шатырына) апарыңыз. Ауылшаруашылық құралдарын қауіпсіз жерге қойыңыз, тыңайтқыштар мен қалдықтарды көміңіз, жабыңыз;

– қажет болған жағдайда үйлердің бірінші қабаттарының терезелер мен есіктерін тақтаймен немесе фанерамен қаптаңыз;

– өзіңізбен бірге су өтпейтін пакетке салынған жеке құжаттарды, ақша мен құндылықтарды, медициналық аптечканы, маусым бойынша сыртқы киім мен аяқ-киім жиынтығын, төсек жабдықтары мен дәретхана керек жарақтарын, үш күндік азық-түлік қорын алыңыз. Заттар мен азық-түлікті чемодандарға салған дұрыс (рюкзактар, сөмкелер);

– тіркелу және қауіпсіз ауданға бару үшін эвакуациялық жиналу пунктіне белгіленген мерзімде келіңіз.

Егер су тасқыны сіздің үйіңізде туындаса:

– дүрбелеңге бой алдырмаңыз және ұстамдылықты жоғалтпаңыз;

– ең жақын қауіпсіз биік жерді, ғимараттардың жоғарғы қабаттарына, үйдің шатарына мүмкіндігінше тез барыңыз және су арқылы, соның ішінде қолға түскен жүзу құралдарымен эвакуациялауға дайын болыңыз;

– құтқарушыларға сізді уақтылы анықтауға мүмкіндік беретін шаралар қолданыңыз: күндізгі уақытта  ақ немесе түрлі түсті матаны жоғары  көрінетін жерге іліп қойыңыз, түнде жарық сигналын беріңіз;

– көмек келгенге дейін, егер сізге қауіп төнбесе, өзіңіз таңдаған жерде болыңыз.

Су баспайтын аумаққа өз бетінше эвакуациялауды зардап шеккендерге шұғыл медициналық көмек көрсету қажет болған жағдайларда ғана жүргізуге болады. Өздігінен эвакуациялану үшін жеке қайықтар немес катерлер, бөренелерден және басқа да қолға үскен материалдардан жасалған заттар пайдаланылады. Эвакуациялау кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау қажет. Жүзу құралдарына бір-бірден кіру, олардың қозғалысы кезінде бортқа отырмау, орындарды ауыстырмау және итермеу қажет.

Егер сіз суда болсаңыз, онда ең жақын сусыз аймаққа ағысқа қарсы емес, оған бұрышпен жүзіңіз. Мұны істеу үшін сізді суда ұстай алатын барлық заттарды қолданыңыз. Атап айтқанда, бөренелер, тақталар, ағаш сынықтар және т.б. Балдырлар немесе шөптер көп жерлерде шатасып кетпес үшін оқыс қозғалыс жасамаңыз.

Су төмендегеннен кейін: ғимаратқа кірер алдында құрылымдардың айқын бұзылмағынына және қауіп төндірмейтініне көз жеткізіңіз. Ішкі бөлмелерді тексерген кезде темекі шекпеңіз және от жақпаңыз, тек электр шамдарын пайдаланыңыз. Жыртылған немесе салбырап тұрған электр сымдарынан сақ болыңыз. Электр желісінің жай күйін мамандар тексергенге дейін электр құралдарын қосуға тыйым салынады. Су құбыры, газ және кәріз магистралдарының зақымдануы және бұзылуы туралы коммуналдық қызметтегілерге дереу  хабарлаңыз.

Ауыз су қорларын тексеріңіз. Ал ластанған суды сорып алу арқылы қолжетімді құдықтарды босатыңыз. Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет тексеру жүргізгенге дейін және ыстық өңдеусіз суға түскен өнімдерді тамаққа пайдалануға қатаң тыйым салынады.