ЖАРЫҚТАНДЫРУ ЖҰМЫСЫНДАҒЫ КЕМШІЛІКТЕРДІ ЖОЮДЫ ТАПСЫРДЫ
Түркістан қаласында екі қабатты тұрғын үйлердің көп бөлігі Т. Бокин көшесінде орналасқан. Түркістан қаласын газбен қамту жұмыстары басталған уақыттан бері ондағы тұрғын үйлерді көгілдір отынмен қамту күн тәртібіне шығарылған. Қазіргі таңда ондағы тұрғын үйлерді газбен қамту бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары қызу жүруде. Бүгінде ондағы үш үй көгілдір отынға қолы жеткен.
Қазіргі таңда Т.Бокин көшесіндегі екі қабатты тұрғын үй аулаларындағы абаттандыру құрылысы қарқын алған. Жуырда қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков Т. Бокин көшесіндегі үйлерді аралау барысында аулалардағы заңсыз құрылыстарды бұзу бойынша сала басшысына нақты тапсырмалар беріп, жұмыстың орындалу мерзімін бекітті.
Сонымен қатар үйлерді газбен қамту бойынша құрылыс монтаж жұмыстарын жеделдету жеткізді. Кәрі құда қыс келгенде тұрғындар дірдек қақпауын қадап айтты. Абоненттер залалы көп қатты отын, қаупі жоғары электр пештерін емес табиғи газ арқылы жылынуын қамтамасыз ету шараларын қамтамасыз етуді тапсырды.
Өз кезегінде Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков қаланың «Бірлік» секторындағы сквер, «Отырар» мөлтек ауданындағы жарықтандыру жұмысына қатысты бірқатар кемшіліктердің барын айтып мердігер мекемеге олқылықтың орнын толтыруды тапсырды. Сонымен қатар жолдарға тас төсеу мәселесі мен қала аумағындағы тазалық жайы да бақылаудан тыс қалмады. Бұл бағытта жауапты мамандарға кемшіліктерді жоюға уақыт берілді.
Қала басшысы сала басшылары мен мердігерлерге «Қазір әр сәтті тиімді пайдалану керек. Алдымызда жауын-шашын кезеңі бар. Сондықтан уақытпен санасудың қажеті жоқ»,- деп, жоспарды дер кезінде жүзеге асыру үшін барлық күшті жұмылдыру қажеттігін атап өтті.