ҮЛГІЛІ ОТБАСЫЛАРЫ МЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

222
0

Отбасы күніне орай және Елбасымыз Нүрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Кентау қалалық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен қаладағы үлгілі отбасыларының студент жастармен кездесу болып өтті. Жастар орталығында өткен кездесуге Республикалық «Алтын жүрек» номинациясының иегері Ысқақ Жұмашев атамыз, ҚР Композиторлар одағының мүшесі, «Қонысбековтер» отбасылық ансамблінің жетекшісі Әлімбек Қонысбеков ағамыз бен жұбайы Ұлтуар апай, сонымен қатар, Қазақстан чемпионатының және Қазақстан спартакиядасының бірнеше дүркін чемпионы, бірнеше халықаралық турнирлердің және ХІІ – Азия ойындарының жеңімпазы Шағатаев Қанатбек Ханафияұлы қатысты. Ұлттық мәртебеге ие болған «Мерейлі отбасы» конкурсының жеңімпаздары басқосу барысында қазақ үшін қашан да киелі саналатын бір шаңырақ астында берекелі өмір сүрудің маңыздылығы туралы насихаттады. Кездесу соңында келген қонақтарға жастар тарапынан сұрақтар қойылып, оған тұжырымды жауаптар алынды. Қонақтарға естелік сыйлықтар табысталды.69