ШЫМКЕНТ: ШЫҒЫС АЙНАЛМА ЖОЛЫ АСФАЛЬТТАЛУДА

111
0
Шымкенттегі Шығыс айналма жолының құрылысы қарқынды жүргізілуде, деп хабарлайды Uakit.kz.
Аталған нысанға қала әкімі М.Әйтенов арнайы барып, құрылыс барысы мен жұмыс сапасын тексерді. Шығыс айналма жолының құрылысы былтыр басталған болатын. Бірінші кезеңі №1 автожолынан Әл-Фараби көшесіне дейінгі аралықтықамтып отыр. 2021-2023 жылдарға жоспарланған жол-құрылысының ұзындығы – 3,98 шақырым болса, ені 60 метрді құрап отыр. Нысан төрт жолақты жолды қамтитын болады. Қазіргі таңда жол негізін әзірлеу жұмыстары толығымен аяқталып, асфальт жабындысын төсеу жұмыстары жүргізілуде. Жоспарға сәйкес, жауапты мердігер мекеме құрылысты 2023 жылдың 1 тоқсанында толығымен аяқтауды жоспарлап отыр. Бүгінгі күнге дейін жұмыстарының 75% орындалды.
Айта кету керек, шаһар басшысы Мұрат Әйтенов Өтегенов көшесінде жалғасып жатқан жол құрылысы жұмыстарымен де танысты. Бүгінгі таңда жол құрылыс жұмыстары екі кезеңмен жүргізілуде. Бірінші кезең Шымкент Сити шағын ауданынан бастап Сырым батыр көшесі аралығын қамтитын болса, екінші кезең Сырым батыр көшесі мен Төлеметов көшелерінің аралығы қамттын болады. Былтыр яғни 2021 жылы басталған құрылыс жұмыстарына кіріскен мердігер мекемелер 2023 жылы толығымен аяқтауды жоспарлап отыр.
Сондай-ақ, жұмыс сапары барысында Арғынбеков пен Бәйдібек би қиылысындағы үш деңгейлі жолайрық құрылыс жұмыстарының сапасын да тексеріп, атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Жобаның техникалық сипатына орай Бәйдібек би даңғылы бойынан 700 метр, Арғынбеков көшесі бойынан 921 метр жол аралығы құрылыс аумағына енгізілген. Жолайырықта ені 80 метрлі төрт-алты жолақты автомагистраль салынып, жол жиегіне жаяу жүргіншілер және веложол төселеді деп жоспарлануда. Қараша айында нөмірі 1 және нөмір 4 оң жақ өткел жолында көлік қозғалысын ашу жоспарлануда.