ҮРЛЕНГЕН ҚАЙЫҚТА БАЛЫҚ АУЛАУҒА БОЛМАЙДЫ

83
0

Естеріңізде болса жуырда Түркістан облысы Арыс қаласында Сырдария өзенінің жағалауында көлігі құмға батып үйіне қайта алмай жатқан азаматты жазатайым жағдайдан төтеншеліктердің аман алып шыққаны туралы хабар тез жарияланған болатын. Осы оқиғаға орай Түркістан қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы балық аулау кезіндегі демалыста сақтық шараларын қаперден шығармауды тағы да ескертеді.

Су айдындары мен жағаларда төтенше жағдайларды алдын алу үшін   Түркістан қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері балық аулау құралдарын сату орындарында алдын алу рейдтерін жүргізіп, дүкен иелері мен балық аулау құралдарын сатып алушыларға балық аулау кезіндегі қауіпсіздік шараларын сақтау және қауіпсіздік ережелері туралы нұсқама ретінде үгіт-насихат материалдарын таратып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Өз кезегінде төтеншеліктер қайықтан балық аулау кезінде құтқарушы кеудешені алуды ескертеді. Суда жүзе алмайтын адамдар қайықта балық аулауға, қайықта ұйықтауға, қайықты суда қатты желге, толқынға шетімен ұстауға болмайды.

Ағаш, темірден жасалған қарапайым қайыққа отырмас алдын қайықтың жағдайын тексеруге, клапан арқылы ауаның шығуын тексеру қажеттігін ұмытпаңыз. Егер қайықта тұрып балық аулаған кезде қайықтың ортасында аяқтарының арасын алысырақ қойып тұру ұсынылады. Қайықты толтырып жіберуге, қайықтың орындығының жанын қоршауға тыйым салынады.

Үрленетін қайықпен жолға шығу алдында вентильдерді сумен шаю, клапан арқылы ауаның шығуын тексеру керек. Үрленетін қайыққа жүкті қойған кезде борттан аспауы керек. Барлық заттар бір біріне және қайыққа байланып тұруы тиіс.

Үрленетін қайықта аяқтарға кез келген зат қоюға, толық бойымен тұруға, балық аулауға, бүйірден жағына қарай борттан бортқа отыруға тыйым салынады.

Жадынама парақтарында жоғарыдағы сақтық шараларынан бөлек жедел қызметтерді шақыру телефондары көрсетілген. Атап айтқанда, бірыңғай құтқару қызметі – 112, өрт сөндіру қызметі – 101, полиция – 102, газдық авариялық қызметі – 104 нөмірі.

Айта кетейік, жылдың қыркүйек-қазан айлары балық аулауға ыңғайлы деп есептеледі.