ШЫМКЕНТ: ШЫҒЫС АЙНАЛМА ЖОЛЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ 75 ПАЙЫЗҒА БІТТІ

Шығыс айналма жолының құрылысы бүгінгі күнге дейін жұмыстарының 75% орындалды, деп хабарлайды Uakit.kz.
2021 жылы бастау алған жол құрылысының  жалпы ұзындығы 3,9 шақырымды құрауда. Ал оның ені 60 метрге жететін болады. Аталған құрылыс нысаны №1 автожолынан Әл-Фараби көшесіне дейінгі аралықты қамтитын болады. Жобаның бойынша жол төрт жолақты болмақ. 2021 жылы басталған құрылыс нысанын шаһар басшысы Мұрат Әйтенов іс-сапар барысында арнайы барып, құрылыстың барысымен танысты.
Қазіргі таңда жол негізін әзірлеу жұмыстары толығымен аяқталып отыр. Бүгінде асфальт жабындысын төсеу жұмыстары атқарылуда. Жоспарға сәйкес, жауапты мердігер мекеме құрылысты 2023 жылдың 1 тоқсанында толығымен аяқтауды жоспарлап отыр.
Айта кету керек, шаһар басшысы Мұрат Әйтенов Өтегенов көшесінде жалғасып жатқан жол құрылысы жұмыстарымен де танысты. Бүгінгі таңда жол құрылыс жұмыстары екі кезеңмен жүргізілуде. Бірінші кезең Шымкент Сити шағын ауданынан бастап Сырым батыр көшесі аралығын қамтитын болса, екінші кезең Сырым батыр көшесі мен Төлеметов көшелерінің аралығы қамттын болады. Былтыр яғни 2021 жылы басталған құрылыс жұмыстарына кіріскен мердігер мекемелер 2023 жылы толығымен аяқтауды жоспарлап отыр.
Сондай-ақ, жұмыс сапары барысында Арғынбеков пен Бәйдібек би қиылысындағы үш деңгейлі жолайрық құрылыс жұмыстарының сапасын да тексеріп, атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Жобаның техникалық сипатына орай Бәйдібек би даңғылы бойынан 700 метр, Арғынбеков көшесі бойынан 921 метр жол аралығы құрылыс аумағына енгізілген. Жолайырықта ені 80 метрлі төрт-алты жолақты автомагистраль салынып, жол жиегіне жаяу жүргіншілер және веложол төселеді деп жоспарлануда. Қараша айында нөмірі 1 және нөмір 4 оң жақ өткел жолында көлік қозғалысын ашу жоспарлануда.