ШЫМКЕНТТЕ «ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚСЫЗ 16 КҮН» АКЦИЯСЫ ӨЗ ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА

96
0
Шымкентте «Тұрмыстық зорлық-зомбылықсыз 16 күн» Республикалық акциясы өз жалғасын тауып келеді, деп хабарлайды Uakit.kz.
Акцияның негізгі мақсаты ана мен баланың құқығын қорғау, қоғамдағы отбасының рөлін нығайту, қыз-келіншектердің құқықтық сауаттылығын арттыру, әйелдерге қа­тыс­ты зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында және отба­сында зорлық-зомбылық жа­сауға бейім адамдармен жеке про­фи­лактикалық жұмыс жүргізу болып табылады. Осы мақсатта әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы мамандары, Шымкент ҚПД Еңбекші АПБ ЖПҚ әйелдерді зорлық – зомбылықтан қорғау тобының инспекторлары, Жастар ресурстық орталығының қызметкерлерімен бірлесе отырып «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясын жан-жақты насихаттау мақсатында 11 мөлтек ауданының тұрғындарына ақпараттық түсіндірме қағаздармен кітапшалар таратылды. Онда қоғамды қатыгездікке бей-жай қарамауға шақыру, зорлық-зомбылық құрбандарына нақты көмек көрсету, салауатты қарым-қатынас мәдениетін үйрету, отбасылық құндылықтары бағытында насихатталды. Бұдан бөлек іс-шара аясында елді мекендерде полицияның қоғамдық көмекшілерін, жастар бірлестіктерін, үкіметтік емес ұйымдарды тарта отырып, отбасылық құндылықтарды насихаттау жөніндегі шаралар жүзеге асырылуда.
Сонымен қатар, Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Қыздар кеңесі» мектебі жобасы аясында «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы жан-жақты насихатталды. Онда жастарға зорлық-зомбылық туралы ақпарат беріліп, өзіне қол жұмсау аутодеструктивті мінез-құлыққа бейім жастар мен жасөспірімдердің психологиялық сауаттылығын арттыру бағыттында жұмыстар жүргізілді.
Сондай-ақ, Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы аясында Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы «№3 Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында» дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Онда тұрмыстық зорлық-зомбылық пен адам саудасының алдын-алу және оған қарсы іс-қимыл, адам құқықтарын қорғау бағытында жан-жақты талқыланды.