ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДА ИНФРАҚҰРЫЛЫММЕН ҚАМТЫЛУ ДЕҢГЕЙІ ЖАҚСАРЫП КЕЛЕДІ
Шымкент қаласыдағы Әл-Фараби ауданының инженерлік инфрақұрылым жұмыстары өз нәтижесін беруде, деп хабарлайды Uakit.kz.
Шымкет қаласындағы Әл-Фараби ауданының аумағы 14 380 гектар жерді құрайды. Аудан аумағында 672 көпқабатты тұрғын үй, 400 аула және 15 170 жеке үй бар. Онда бүгінде жалпы 207 747 адам қоныстанған. Бүгін Әл-Фараби ауданының әкімі Рашид Мыңбаев ауданда ағымдағы жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар бойынша баспасөз брифингін берді. Баспасөз жиынында аудан аумағында жүргізіліп жатқан инфрақұрылым мәселесіне тоқталды.
Аудан аумағында орналасқан «Текесу» елді мекенін ауыз су жүйесімен қамтамасыз ету мақсатында құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Аталған нысанды«Жаңару» ЖШС мердігер мекемесі тарапынан жұмыстар атқарылуда. Аталған жұмыстар ағымдағы жылдың қараша айының соңына дейін тұрғындарға тапсыру жоспарлануда. Ал, көгілдір отыны бойынша «Ақтас-2» елді мекенінде мердігер мекеме «Ремстрой» ЖШС тарапынан табиғи газ желісінің құрылыс жұмыстары жүргізіліп, абоненттерге қосылу бойынша жұмыстар жыл соңына дейін аяқтау, жоспарлануда. Бұдан бөлек, 276-орамында да «Ремстрой» ЖШС мердігер мекемесі тарапынан құрылыс жұмыстары жүргізілуде, биылғы жылдың соңына дейін тұрғындарға тапсырылып, шағынаудан аумағы 100% табиғи газбен қамтылатын болады.