ҚҰТҚАРУШЫЛАР ӨРТ БОЛҒАН ЖЕРГЕ АЛТЫ МИНУТТА ЖЕТТІ
Түркістан қаласының төтеншеліктері ағымдағы жылдың 9 айында 327 оқиға бойынша суға бату, өрттің шығуы мен газдан улану және тағы басқа жағдайларға жедел жетіп, зардап шегушілерді құтқарған.
Өз кезегінде uakit.kz түркістандық құтқарушылардың шақыртулар бойынша атқарған жұмысының хронологиясын рет-ретімен баяндайтын болады.
Осы жылдың 16-маусымында Түркістан қаласында ауқымы көлемі өрт оқиғасы орын алды. Өрт Түркістан қаласындағы «Әзірет-Сұлтан» қорық-музейінің қорғау аймағының сыртындағы екіқабатты «Жеті Тандыр» дәмханасының екінші қабатында шыққан. Тілсіз жау туралы хабарлама күндізгі сағат 11:48-де тіркелді. Хабарламаға сәйкес қаладағы №1 Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің құтқару бригадасы алты минуттың ішінде өрт шыққан жерге жедел жетіп, жалынды күндіз сағат 12:50 минутта ауыздықтайды.
Өрттен адам шығыны болмады. Тиісінше жарақат алып, зардап шеккендер де жоқ.