ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
Білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруды қамтамасыз етудің негізгі нормативтік құқықтық актілері бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Ағымдағы жылғы 4 қарашада №9 ІТ лицей базасында білім басқармасы «Орта білім беруді және тәрбие жұмысын дамыту, қосымша білім беру» бөлімінің жаңадан келген басшысы М.Абдираимованың ұйымдастыруымен Әдістемелік орталығы директорының орынбасары Г.Сражиевамен бірлесе 2022-2023 оқу жылында білім беру ұйымдарында білім беру процесін ұйымдастыру бойынша Қазақстан Республикасының Заңдарын басшылыққа ала отырып жүзеге асырылуы тиіс оқу-тәрбие процесіндегі нормативтік құжаттар туралы мектептердегі директор орынбасарларына арналған ақпараттық семинар өтті. Семинар барысында «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығы, «Қазақстан Республикасында бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» ҚР МП 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығы, «Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндер, таңдау курстары мен факультативтер бойынша үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығы, «Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 30 қыркүйектегі № 412 бұйрығы туралы толық түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Аталған бұйрықтарға енгізілген өзгерістер туралы салыстырмалы түрде түсіндірілді, себептері нақтыланды. Нәтижесінде, кері байланыс жасалып, директор орынбасарлары барлық сұрақтарына нақты жауаптар алды.