ТУРИЗМ САЛАСЫНЫҢ ДАМУ БАҒЫТЫ АЙҚЫН

71
0

Креативті индустрия бағытында жұмыс істеп жатқан кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан қолдау бар, деп хабарлайды Uakit.kz.

Шымкент қаласының туризм және сыртқы байланыстар басқармасы туризм саласын дамыту бойынша 4 негізгі бағытта жұмыс жүргізеді. Олар, туристік инфрақұрылымды дамыту, маркетингтік ілгерілету, креативті индустриясы және де сыртқы байланыстарды нығайту жұмыстары болып табылады. Жоғарыда атап өткен бағыттың бірі — креативті индустриясына тоқталсақ. Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің қолдауымен туризм және сыртқы байланыстар басқармасына креативті индустрия функциясы берілді. Берілген жүктемені жүзеге асыру мақсатында ең алдымен осы сала бағытында жұмыс атқарып жатқан кәсіпкерлік субъектілерге талдау жасалған. Бүгінгі таңда қала аумағында креативті индустрия нарығында 3 513 кәсіпкер жұмыс жасайды, бұл белсенді шағын және орта кәсіпкерлік өкілдерінің 4,26 пайызын құрайды.

Жалпы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген арнайы тізбеге сәйкес креативті индустрия саласына 11 бағытта 56 ОКЭД енгізілді.

Осы орайда, креативті индустриядағы бизнеске қолдау көрсету мақсаты айқындалып, бүгінде қадамдық жол картасын жасалынды. Жол картасын жүзеге асыру бағытында ең алдымен қаламыздағы креативті экономика нарығын сараптау жұмыстары жүргізілді. Басқарма креативті индустрия субъектілеріне  барып, жеке кездесулер өткізіп, өзекті мәселелерді айқындап, әлеуетті жоғары деген 3 бағытты анықталды. Олар — кино, анимациялық фильм өндірісі және музыка саласы, қазіргі таңда бұл бағытта ресми түрде 125 компания жұмыс атқарады. Сонымен қатар, дизайн және сән саласы, бұл бағытта 99 ұйым тіркеліп, өз қызметтерін ұсынуда. Сондай-ақ, қолөнершілік саласы. Бұнда жеке және отбасымен бірге қолөнер бұйымдарын әзірлейтін 65 қолөнерші туризм саласына өз үлестерін қосуда.

Жоғарыда аталған бағыттар бойынша кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдау көрсету бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізілді. Қазіргі таңда «Іскер қала» кәсіпкерлерді қолдау бағдарламасы аясында 1%-бен кредит алу мақсатында бірқатар кәсіпкер «СПК «Shymkent»-тің фронт-офисімен жұмыс жасауда.