ҚЫЗЫЛ ЖАЛЫНМЕН КҮРЕС СӘТТІ АЯҚТАЛДЫ

67
0

Ағымдағы жылдың 25-маусымында шаңқай түсте Түркістандағы Жораков көшесінде орналасқан жеке үйден өрт шығады. Өрттің болып жатқаны туралы хабарлама Түркістан қаласындағы №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөліміне сағат 13:42 минутта келіп түседі.

Құтқарушылар хабарламада көрсетілген мекенжайға жедел түрде бет алып, сағат 13:53 минутта жетеді.  Қызыл жалын шыққан тұрғын үйдің жалпы көлемі 13х14 метрді құрайды. Тез шарпыған қызыл жалын тұрғын үйдің қонақ бөлмесін (40 шаршы метр)  отқа ораған. Сонымен қатар  тұрғын үйдің төбе жабынының 50 шаршы метрі өртенген.  Өрт сөндірушілер арнайы техниканың көмегімен өрттің бетін сағат 14:05 минутта қайтарады. Сағат 14:17 минутта өрт толығымен сөндіріледі.