ЗАМАНАУИ МАТЕРИАЛДЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ БАЗА — САЛАНЫ ДАМЫТУДА АЙРЫҚША МӘНГЕ ИЕ
Соңғы әлемде орын алған оқиғалар легі медицина саласының айрықша мәнге ие екенін аңғартты. Жаһан алпауыттарынан бастап бүгінде аталған салаға айрықша назар аударып, дамуы үшін қажет шараларды қолға алып келеді. Оның қатарында қазақстан да бар. Қазіргі таңда еліміздің барлық өңірлерінде медицина мекемелері күрделі жөндеуден өтіп, материалдық-техникалық базасы нығая түсуде. Нәтижесе де жоқ емес. Мәселен, жуырда Шымкенттегі қалалық клиникалық балалар ауруханасында отоларингология бөлімшесі ашылып отыр.
Бұдан былай құлақ мұрын ауруларын емдеуде жергілікті ақ халаттылар бұрынғыдай науқастарды Астана мен Алматы қаласына жібермей-ақ науқастарды өздері емдеп жаза алады. Бөлімше барлығы 20 орынға арналған. Мұнда дәрігерлер құлақ, тамақ, мұрында кездесетін ауру түрлеріне диагностикалық тексерулер жасап, толық емдеу жұмыстарын жүргізеді. Операцияны да осы жерде жасай береді. Соңғы бір ғана айда аталған бөлімшедегі науқастардың 90 пайызына ота жасалған. Бұл туралы қалалық клиникалық балалар ауруханасының лор дәрігері Ерубай Мақсат былай дейді «Көптеген ота түрін жасаймыз. Атап айтқанда, септопластика, вазотомия, конхотомия, мұрын қабыршықтарының оталары, мұрын сүйектерінің репозициясы, ринопластика, эндоскопиялық оталар, құлақ ауруларының оталары, тонзиллэктомия, аденоэктомия,эндоскопиялық, дакриоцисториностомия, увулопалатофарингопластика және де өзге күрделі ота түрлерін жасаймыз». Жаңадан ашылған бөлімшеде құлақ пен мұрын ауруларына дер кезінде диагноз қойып, ем шараларын қолға алуға қажетті барлық шаралар қарастырылған. Заманауи метариалдық-техника да жеткілікті. Ақ халаттылар онда науқастарды шұғыл және жоспарлы түрде қабылдап, емдік шараларын жүзеге асыра алады. Айта кету керек, үшінші мегаполисте медицина саласындағы серпіліс мұнымен шектелмейді. Бүгінгі қаланың өзінде күрделі оталар сәтті жасалуда. Мұның өзі ота жасату үшін Алматы мен Астана асатын, шетелдік емдеу орталықтарына жүгінетін азаматтардың бірқатар түйткілді мәселелерінің шешілуіне мұрындық болып отыр. Саланы дамыту ісі қала әкімі Мұрат Әйтеновтың тікелей бақылауында. Жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.