АУЫЗ СУ ТҮЙТКІЛДЕРІ КЕЗЕҢ-КЕЗЕҢІМЕН ШЕШІЛІП КЕЛЕДІ

92
0

Еңбекші ауданы Шымкент қаласының оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан. Ауданының аумағы – 20 660 га. Халық саны – 313 217 адам. Еңбекші — қаланың өндірістік ауданы болып саналады. Себебі көптеген өндірістік кәсіпорындар мен мекемелер шоғырланған.

Атап айтсақ, Еңбекші ауданында Оңтүстік және Ордабасы атты 2 индустриалды аймақ және СЭЗ Оңтүстік арнайы экономикалық аймақ орналасқан. Сонымен қатар аудан аумағындағы 20 359 шағын және орта кәсіпкерлік субьектілері тіркелген.  Аудан 19 шағынаудандардан және Сайрам, Төлеби аудандарынан қосылған 16 тұрғын алаптан тұрады. Еңбекші ауданында 611 көшелер мен өткелдер, 1 саябақ 3 гүлзар, 651 көпқабатты және 32 306 жеке тұрғын үйлер орналасқан. Осы бағыттарда тұрғындармен тұрақты түрде қарым-қатынаста болып, Еңбекші ауданы әкімінің аппараты келесі жұмыстарды атқаруда. Аудан аумағындағы 35 шағынаудан мен тұрғын алаптардың халық шоғырланған негізгі бөлігіне инженерлік жүйелер тартылған. Атап айтсақ, ауыз сумен 94,5%-ға, электр жарығымен 96,5%-ға, табиғи газбен 90,7%-ға, кәріз жүйесімен 57%-ға, асфальт жолмен 71,5%-ға қамтылған. Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, Еңбекші ауданында инфрақұрылым жүйелерін дамыту туралы 2022-2025 жылдарға арналған «Жол картасы» қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасымен нақтыланып, бекітілді. Ол бойынша жүййлі жұмыстар атқарылып жатыр. Қалаға қосылған 6 елді мекеннің жаңақұрылыс аймақтарын ауыз сумен қамту бойынша құрылыс жұмыстарын мердігер мекеме «Сарыағаш-Аман» ЖШС-і жүргізеді. Қазіргі таңда Қарабастау тұрғын алабының жаңақұрылыс аймағында құрылыс жұмыстары басталды. Құрылыс 2023 жылға өтпелі. Жоба құны –1,7 млрд теңге. Бадам тұрғын алабының жаңақұрылысында — 340 учаскеге, Оңтүстік-Жаңақұрылыста — 989 учаскеге жобалау сметалық құжат 2023 жылы әзірленеді. Жаз мезгілінде ауыз судын шамадан тыс шаруашылық мақсатта пайдалануына байланысты Елтай, Тоғыс, Айнатас, Базарқақпа елді-мекендерінде ауыз су тапшылығы орын алды. Аталған елді-мекендерде ауыз су тапшылығын болдырмау мақсатында Базарқақпа және Тоғыс тұрғын алаптарынан қосымша ұңғыма қазу жұмыстарын мердігер мекеме «Сарыағаш-Аман» ЖШС-і жүргізуде. Жұмыс аяқталса, өңірдегі ауыз суға қатысты түйткілдер толығымен шешілмек.