ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІН ТҮСІНДІРУ ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫ АЯҚТАЛҒАНҒА ДЕЙІН ЖАЛҒАСАДЫ

102
0

Улы газ ауаға тарағанда өрттің шығуына әкеп соқтыратыны белгілі. Өкінішке орай газдың ауаға жайылу процесі көзге көрінбейді. Әрі айналаға білінбейді. Яғни, иісі болмайды. Алдағы жылы Түркістан қаласындағы әлеуметтік жағдайы төмен 129 отбасына улы газды анықтайтын дабылқаққыш тегін орнатылады. Бұл туралы Түркістан қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы тарапынан берілген ұсынысты әкімдік қолдап, қуаттап отыр.

Бұл туралы Түркістан қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының басшысы Асқар Сейсенов мәлімдеді.

Қазіргі таңда жылыту маусымы кезінде апатты алдын алу үшін басқарма қызметкерлері қалалық полиция басқармасы, тұрғын үй инспекциясы, «ҚазТрансГазАймақ», адами әлеуетті дамыту бөлімі, «Газ инспекциясы»  қызметкерлерімен бірге үйлерді аралап, тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүйелі түрде жүргізіп келеді. Мақсат айқын – азаматтардың улы газдан улануын болдырмау, ықтимал қауіптер туралы түсіндіру. Аралау жұмыстары кезінде ең әуелі Түркістан қаласының мониторинг және жедел әрекет ету орталығы ұсынған 482 әлеуметтік жағдайы төмен отбасыға үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу жоспары қойылған. Ағымдағы жылдың 1-қарашасындағы жағдай бойынша Түркістан қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы аталған санаттағы үйлерге үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуді толық қамтыған.

Айта кетейік, түсіндіру жұмысы жылыту маусымы аяқталғанға дейін жалғасады.