180 ШАҚЫРЫМҒА ЖУЫҚ ӘУЕ ЭЛЕКТР ЖЕЛІСІ КАБЕЛЬДІ ЖЕЛІГЕ АУЫСТЫРЫЛУДА

Түркістан қаласында коммуналды мәселелер шешімін тапқан жағдайда ғана қала тұрғындарға жайлы мекен болады.

Жергілікті билік тиісті басшыларға  осы бағытта үнемі жұмысты жүйелі жүргізуді тапсырады.

Түркістан қаласы облыс орталығы болғаннан бастап қаланың инфрақұрылым мәселесіне қатысты қордаланған көп проблемалардың түйінін тарқатуға ден қойылды. Соның бірі ескірген электр желілері еді. Себебі қатты жел, нөсер жаңбыр, қарға желілер шыдас бермей істен шығып жатты. Кейбір аумақтарда желілердің қысқа тұйықталуынан жану жағдайы, өрт оқиғаларын орын алды. Салдарынан тұрғындар бірнеше сағатқа, кейбір жерлерде бірер күнге жарықтан уақытша ажыратылып жататын. Сонымен қатар электр бағандарының тозуы да апатты жағдайлардың орын алуына негіз болды. Соған сәйкес қалада электр желілерін жаңарту жұмыстары қолға алынды.

Биыл 180 шақырымға жуық әуе электр желілері кабельдік желіге ауыстырылуда. Кабельдік желіге ауысқан нысандар қаланың негізгі орталық көшелері болып табылады.

Олар С.Қожанов пен Байбұрт көшелері аралығы, Б. Саттарханов даңғылы мен Кенесары көшесі бойынша,  Әл-Фараби, Ататүрік, С. Ерубаев көшелері бойынша және де Тәуке Хан даңғылы, Қазыбек би, М. Абеновa, Төле би, Н. Төреқұлов, Н. Тынышқұлов көшелері болып табылады.