ҚАРИЯСЫН СЫЙЛАҒАН ЕЛДЕ ҚАСИЕТ БАР

116
0

Қазақ «қарты бар үйдің қазынасы бар» деп тектен-текке айтпайды. Дана халқымыз ақсақалдар мен ақжаулықтыларды айрықша құрметтеп, ақылын тыңдаған. Өз кезегінде, дәстүрмен адам қанына сіңген қасиет ұмыт болмаған, болмайды да. Бұлай деуіміздің себебі, Шымкент қаласында қарттарға барлық жағдай жасалып келе жатыр.

Қазіргі таңда үшінші мегаполисте зейнет жастағы азаматтарды сауықтыруға және бос уақыттарын тиімді пайдалану мақсатында «Белсенді ұзақ өмір» орталықтары ашылған. Қазіргі таңда қаланың 4 ауданының үшеуінде бөлімшелері ашылған.Олар – Әл-Фараби, Еңбекші және Қаратау аудандары. Бірінші бөлімшесі Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы, Дулати көшесі, 36 мекен-жайында орналасқан. Мекеме ғимаратының жалпы ауданы-2030 шаршы метрді құрайды. Екінші бөлімшесі 2021 жылдың 1 желтоқсанда Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы, Дулати көшесі, 160 мекен-жайында ашылған. Онда зейнет жасындағы азаматтарға 4 сағатқа дейінгі арнаулы әлеуметтік қызметтер және өзіне қызмет көрсетуге мүмкіндігі жоқ жалғызбасты қарттарға 8 (сегіз) сағатқа дейін жартылай стационар жағдайда әлеуметтік-сауықтыру қызмет түрлері көрсетіледі. Үшінші бөлімшесі Қаратау ауданы, 194 квартал, Жібек жолы көшесі, 22/1 учаскесінде орналасқан.Бөлімше жартылай стационарлық жағдайда тәуліктің күндізгі 4 сағат уақытында қарттарға екі ауысым бойынша қызмет көрсетеді. Мекеме ғимаратының  жалпы   ауданы — 460 шаршы метр құрайды.

Онда дәрігерлік тексеру (жоғары дәрежелі терапевт, невропатолог, инемен емдеу дәрігері), бильярд, теннис, садақ ату, ART терапия, тренажерлық қызмет түрлері, бассейн, массаж, әсемдік жасару терапиясы, караоке зал (ән айту), хореография, йога, еңбек терпаиясы, денешынықтыру бар. Бұл бөлімше екі ауысымда             150 қызмет алушыны қабылдайтын болады. 2023 жылы қаламыздың Абай ауданынан жартылай стационарлық жағдайда күндізгі 4 сағат уақытында егде жасына байланысты қарттарға арналған 4-ші бөлімшесін ашу жоспарлануда. Бұл ашылатын бөлімшеде зейнеткерлерге өз ерекшеліктерімен айқындалатын басқа да қызмет түрлері қарастырылуда. Орталықта жүргізіліп  жатқан жұмыстар егде жастағы адамдардың белсенді ұзақ өмір сүру салтын қалыптастыруға арналған