ШЫМКЕНТ: ИНФРАҚҰРЫЛЫММЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТЫ НАЗАРДА

105
0

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов бірқатар шағын аудандарады аралап, инфрақұрылыммен қамту жұмыстары барысымен танысты, деп хабарлайды Uakit.kz. 

Шымкент қаласы, Абай ауданына қарасты Батыс шағын ауданында инженерлік инфрақұрлым жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Батыс шағынауданында 37 шақырым газ құбыры тартылды. Табиғи газбен қамту жұмыстары 100 %-ға аяқталған. Бүгінгі таңда тұрғын үйлердің газ тарту дайындығын тексеру жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі уақытта тұрғындарды сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету мақсатында жұмыстар атқарылуда. Жалпы жұмыс көлемінің 55 пайызы аяқталған. 2023 жылы құрылыс жұмыстарын толық аяқтап, пайдалануға беріледі.

Қайнарбұлақ елдімекенінде де инфрақұрылым мәселесі 2023 жылы толықтай шешіледі. Онда ауызсу жүйелерінің жалпы ұзындығы 329,6 шақырымды құрайды. Бүгінгі таңда 30 пайызы тартылған. Жоспар бойынша құрылыс жұмыстары 2023 жылы аяқталады. Ал табиғи газбен қамту құрылысы ІІ кезең бойынша жүргізілуде. І кезең бойынша жалпы жұмыс көлемінің 25 пайызы аяқталған. ІІ кезеңнің де жұмыс қарқынды. Тұрғындар игілігіне келесі жылы берілмек. Елдімекенді сапалы элетр қуатымен қамту бойынша да жұмыстар жүргізілуде. Электр жүйелерінің жалпы ұзындығы 68,6 шақырымды құрайды.Бүгін де оның 40 пайызы аяқталған. 2023 жылдың алғашқы жарты жылдығына дейін жергілікті халық сапалы электр жарғын тұтынатын болады.

Бұдан бөлек, Достық шағынауданында 2686 абонент сапалы электр қуатымен қамтылады. Құрылысы 2022 жылдың тамыз айында басталған болатын. Құрылыс жұмысы барысында 1206 электр бағанасы мен трасформатор орнатылып, 47 шақырымнан астам электр желісі тартылды. Тұрғындардың сұранысы бойынша, қосымша жобадан тыс көше бойына әр үш үйге бір электр бағанысы орнатылуда. Елді мекен тұрғындары электр энергиясына әр киловатына 25-30 теңгеден төлеп келген. Алдағы уақытта абонеттену жұмыстары толық аяқталып, тариф құны 17,9 теңгені құрайтын болады.