ОҚЫС ОҚИҒА ҚЫСҚА ТҰЙЫҚТАЛУДАН БОЛҒАН

79
0

Осы жылдың 29 қаңтарында Түркістан қаласындағы №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің байланыс бөліміне хабарлама түседі.

Хабарламада қаладағы Шәуілдір тас жолының бойындағы трансформатордың жанып жатқаны айтылады.

Оқиға түнгі сағат 01:34-те орын алған. Өрт сөндірушілер оқиға орнына келген кезде ескі трансформатордың электр сымдарының қысқа тұйықталуынан қондырғы түтеген. Электр сымдары жанған. Оқиға өртке ұласпаған.

Өз кезегінде құтқарушылар электр жүйелеріне артық салмақ түсірмес үшін электр құралдарын пайдаланып болған соң оны қуат көзінен ажыратуды үрдіске айналдыруды ескертеді. Және де өрт оқиғаларының көбі түнде тіркелетінін, сондықтан да ұйқыға жатар алдын электр желілерін тексеру қажеттігін еске салады.