ӨНДІРІЛГЕН ӨНІМ АЙМАҚТЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚУАТЫН АРТТЫРАДЫ

108
0

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» индустриалды аймағында сапасы жоғары таза табиғи өнім өндірілуде, деп хабарлайды Uakit.kz.

Таза табиғи өнім өндіретін «NEFIC» GROUP компаниясы Шымкент қаласын, Түркістан облысын кофе және қант өнімдерімен қамтамасыз етіп отырған фабрика. Сондай-ақ өндірілген өнімдер Қазақстанның басқа да аймақтарына тасымалданады. Фабрика бүгінгі заманның талабына сай заманауи технологиямен жабдықталған. Мұнда айына 40 тонна қантпен 10 тонна кофе тауарлары шығарылады. Өндіріс орынның қанты толықтай отандық шикізаттан жасалады, ал кофе құрамындағы заттар Индонезиядан әкелінеді. Барлығы да табиғи таза өнімне дайындалады. Кофе — үш бөлек өнімнің бір бүтін нұсқасы, яғни құрамында кофе, қантпен сүт араласқан. Кофемен қанттың да үш түрі сауда нарығына шығарылады. Кішкентай және ірі қорапта сондай-ақ қаппен. Фабрикада өнім өндіретін қондырғылар Түркия елінен әкелінген.

«Қондырғылармыз азанғы 9:00-ден кешкі 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Осы уақыт аралығында қондырғы 100-ге жуық қорап өнім шығарады. Біздің жұмысымыз осы қондырғылардың істен шығып кетпеуін бақылап отыр», — дейді Ержан Мырзахметов.

Мұндағы өнімдерге зиянды қоспалар немесе басқа да дәмдеуіштер қосылмайды. Тек басты ұстаным сапалы, пайдалы және қол жетімді өнім шығару.

«Кофеміз таза табиғи өнім. Индонезиядан келеді. Өнімнің сапасы өте жоғары, бағасы да қол жетімді. Қантымыздың да сапасы жақсы. Өнімдер Түркия технологиясымен өнідіріледі», — дейді Әлімжан Убайдуллаев «NEFIC» GROUP ЖШС Бас директоры.

«NEFIC» GROUP компаниясы шығаратын кофе мен қанттың бағасы нарықтағы мөлшерімен алғанда арзан, бірақ сапасы өте жоғары. Фабрика басшылығы алдағы уақытта өнімнің мөлшерін арттырып, экспорттық әлеуетін де қуаттай  түсуді көздеп, Шымкентте жасалған Отандық өнімді қолдауға шақырды.

Айта кету керек, Шымкент қаласында 2022 жылдың 9 айдың қорытындысы бойынша 101 мың шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері жұмыс істейді (заңды тұлғалар – 19,1 мың бірлік, жеке тұлғалар – 77,5 мың бірлік, шаруа қожалықтары – 4,3 мың бірлік), өткен жылдың сәйкес кезеңіне бұл көрсеткіш 39%-ға өсім көрсетті. Шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыспен қамтылғандар саны 179,9 мың адам жетіп, 2021 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 11,4%-ға өскен. Өндірілген өнім көлемі бойынша 2022 жылдың 1-тоқсанында 317,3 млрд. теңгені құрап, 2021 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 30,1%-ға артқан. 2022 жылдың қаңтар-наурызда шағын және орта кәсіпкерліктің жалпы өңірлік өнімдегі үлесі 36,2%-ды құрады.