ШЫМКЕНТТЕ ЖАСТАР АРАСЫНДА ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ БАҒЫТЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

86
0

Шымкенттік жастарға сала мамандары құқықбұзушылықтың алдын алу, кереғар діни ағымдардың іс-қимылы, нашақорлыққа қарсы, суицидке жол бермеу бағытында түсіндірме жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды Uakit.kz.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам»  атты  Қазақстан халқына Жолдауында жастарды синтетикалық есірткіден қорғау жайын баса айтқан болатын. Президент елімізде тұтынылуы тек қана артып келе жатқан синтетикалық есірткінің қаупінің артып келе жатқанын айтты.
«Динамика күрт төмен: соңғы үш жылда айналымнан алынған «синтетика» көлемі 10 есе өсті. Синтетикалық препараттар жыл сайын арзанырақ және қолжетімді болып келеді. Олар әлеуметтік желілер, мессенджерлер арқылы кедергісіз дерлік сатылады, тіпті үйіңізге дейін жеткізіледі», – деді президент.
Бұл аса қауіпті әлеуметтік аурудың ауқымын ескере отырып, синтетикалық есірткіні өндіру мен таратуға қарсы күрес жалпыұлттық сипат алуы керек.
«Сондықтан нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрестің кешенді жоспарын әзірлеу қажет, –  деп түйіндеді Тоқаев.
Осы орайда, бүгін Шымкент қаласындағы Еңбекші аудандағы №46 және №65 мектеп оқушыларына кәмелет жасына толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, нашақорлыққа қарсы, суицидке жол бермеу, кереғар діни ағымдар мен секталардың іс-қимыл тәсілдері жөнінде кездесу өткізілді. Жастармен кездесуге Шымкент қаласының психикалық орталығының нарколог-дәрігері, дін мәселелерін зерттеу орталығының теолог мамандары қатысып, салаларына қатысты түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Сонымен қатар, осы кездесу барысында жасөспірімдер толғандырған сұрақтарын қойып, пікір алмасты және спорт шеберлері оқушыларға өз тәжірбиелерімен бөлісіп, балаларды спортпен шұғылдануға шақырды.