ЖАСТАР БОЛАШАҚТЫҢ НЕГІЗІН САЛУШЫ

76
0
Шымкент жастарына бойындағы теріс мінез-құлықтан арылудың, өзін қалыптастыру бағытында белсенділігін арттырудағы кеңестер берілді, деп хабарлайды Uakit.kz.
Іс-шара Шымкент қаласы, Қаратау ауданы Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өткізілді. Онда жастар арасында девиантты мінез-құлықтың алдын алу тақырыбанда студенттерімен кездесу өтті.
Девиантты мінез-құлық дегеніміз- жалпыға ортақ ережелерден ауытқитын әлеуметтік іс-әрекет, осы ережелерді бұзатын адамдар мен әлеуметтік топтардың қылықтары; қабылданған құқықтық немесе моральдық нормаларды бұзған адамның мінез-кұлқы. Кең мағынасында девиантты мінез-құлықтың  жағымсыз түрі қылмыс, қоғамдық тәртіпті бұзу, адамгершілік ережелерін, дәстүрді, әдет-ғұрыптарды аттап өту, өзіне-өзі қол жұмсау сынды ауытқушылықты білдіреді.
Шараның мақсаты жастар мен жасөспірімдердің арасында девиантты мінез-құлықтың алдын-алу және өз-өзіне қол жұмсау деңгейін азайту.
Кездесуге тәжірибелі психолог маманы Асанова Салтанат Сайлауқызы және “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің психологы Қалдыбай Айда және Орталық Азия Инновациялық университетінің студенттері қатысты.
Жастар арасында әлеуметтік маңызды мәселе бұл қоғамға жат қылықтар, әрекеттер, мінез-құлықтардың қалыптасып отыруы алаңдатады. Жастар болашақтың негізін салушы. Олардың бейтарап көңіл күй, бойкүйездік, жалқаулық, тағы сол сияқты жаман қылықтардан арылуына, қоғамдағы жастар белсенділігі арқылы ілгерілеу үдерісін жаппай ақпараттандыру және оның алдын алу жолдарының жүйесі мен сауықтыру шараларының кезеңділігімен үйлесімді жүруі қажет.
Кездесу барысында Тәжірибелі психолог маманы Асанова Салтанат Сайлауқызына жастар өздерінің көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, өзара еркін пікір алмасты.